You are here

«Жер кезегі. Сайрам ауданы» атты жаңа құрал іске қосылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудан әкімдігімен жерге қатысты сұрақтарды жария ететін «Жер кезегі» мобильдік қосымшасы іске қосылды.
Қазір кез келген ниет білдірген азамат бұл мобилдық қосымшаны өздерінің смартфон немесе тиісті интернет алаңшаларынан (GooglePlay, PlayMarket, AppStore) қосып алып, өз кезегін онлайн режимде тексеруге мүмкіндігі болса, тиісінше олардың келісімінсіз ешкім кезектілікті ауыстыруға мүмкіндік бермейді.
Егерде кезектілікте заң бұзушылық орын алған жағдайда, мобильдік қосымшаны қолданушы ол жөнінде мобильдік қосымшаның «кері байланыс» функциясын қолдану арқылы уәкілетті органға хабарлаға мүмкіншілігі бар.
Сонымен қатар, «Жер кезегі» мобильдіқ қосымшасы арқылы Сайрам ауданының бос жерлері және ол жерлерді алу жолдары туралы ақпаратты алуға мүмкіншілік бар (елді мекендердің бас жоспары, бос жер телімдері мен олардың нысаналы мақсаты, алдағы уақытта өткізілетін конкурс/аукциондар).
Бүгінгі таңда, бұл қосымшамен шамамен 30 абоненттер белсенді пайдалануда, дегенмен алдағы уақытта ол туралы және оның мүмкіндіктері туралы ақпарат кеңінен таралғалы, оның пайдаланушылар саны көбейетініне сенімдіміз.
Біздің ойымызша мобильдік қосымша уәкілетті органдардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп, жер қатынастары саласындағы сыбайлас түріндегі құқық бұзушылықтарға өз кедергісін келтіреді. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.