You are here

Жаңа бағыттағы прокуратура

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясына сәйкес, Қазақ КССР-ның Жоғарғы Кеңесінің 6 желтоқсан 1991 жылғы қаулысымен еліміздің тәуелсіз прокуратура органдары құрылған болатын.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 25 ақпан 2004 жылғы бұйрығымен 6 желтоқсан Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күні ретінде жарияланып, жыл сайын атап өту белгіленген.

Бүгінгі таңда елімізде прокурорлық қадағалау саласы одан әрі дамый отырып, жаңғыру, жаңару кезеңіне аяқ басып отыр.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциясының 83 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 30 маусым 2017 жылы «Прокуратура туралы» жаңа Заңы қабылданды.

Конституциялық өзгерістерге сәйкес, прокуратура органдырының мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асыруды, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiрiп  және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыруды айқындап берді.

Аталған заң, елімізде болып жатқан тың үрдістер мен заң саласындағы жаңалықтарды және халықаралық үздік тәжірбиелерді қолдана отырып,  адамды қоғамның жоғары құндылығы ретінде бірінші кезекке шығарып, азаматтардың  құқықтарын шектеу сотпен ғана жүзеге асыру сатысына өтуде.

Сондай-ақ, бүгінгі таңдағы прокуратура басқа мемлекеттік органдар мен әртүрлі шаруашылық субъектілерінің  қызметіне негізсіз араласпайуды таныды .

Осы заң аясында, ҚР Бас Прокурордың бастамасымен қылмыстық заңнамаларға өзгерістер енгізу арқылы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу тәртібін жеңілдету арқылы жетілдіріп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында сот бақылауы мен күдіктінің қорғалу құқығын кеңейту институттары күшейтілуде.

Өз кезегінде, ҚР ҚПК-нің 55 бабының 2 бөлігі 6), 7), 8 тармақтарында көрсетілген, қылмыстық қудалау органдармен адвокаттардың сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қылмыстық іс үшін маңызы бар кез келген мәліметтерді, құжаттарды, нәрселерді талап етіп алдыру және қылмыстық іске қосып тігу, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша, егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаса, сараптама тағайындау туралы мәселені қарау, қылмыстық процесті жүргізетін органға айғақ беруі үшін келуін қамтамасыз ету қиындық тудыратын, бұрын өздері жауап алған куәні, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың өтінішхаты бойынша, мәжбүрлеп әкелу туралы құқықтарын қылмыс туралы арыз  тіркелген немесе күдікті ұсталған сәттен бастап қолдану жолдары қарастырылуда.

Сондай-ақ, прокуратураның бастамасымен дамудың цифорлық кезеңіне өту мақсатында, озық мемлекеттердің тәжірбиесінде кеңінен қолданылатын электрондық қылмыстық істер көшу қолға алынды.

Прокуратура саласындағы бұндай жүргізіліп жатқан жаңа өзгерістер қылмыстық заңнаманы жетілдіріп, азаматтардың құқықтарының сақталуының кепілі деп санауға болады.

 

Еңбекші ауданының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.