You are here

Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Қожахметов Әбіл Аханұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қожахметов Әбіл Аханұлы 10 қазан 1963 жылы Жезқазған (қазіргі Қарағанды) облысы Жезді ауданы Шеңбер ауылында туылған. 

Еңбек жолын 1980 жылы Торғай облысы Аманкелді аудандық ауылшаруашылық мекемесінде бастаған.

1982 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. Әскери борышын өтеген соң, Торғай облыстық Ішкі істер басқармасында милиционер,  Арқалық ветеринарлық станциясында жұмысшы, Арқалық қалалық нотариальдық конторында мемлекеттік нотариус, Арқалық ауданы Ә.Майкутов атындағы кеңшарында заңгер-кеңесші, Торғай облыстық сотында аға кеңесші, Торғай облысы Арқалық қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі судьясы қызметтерін атқарған.

Прокуратура органдарына 1996 жылы Торғай облысы Амантоғай ауданының прокуроры қызметіне қабылданған. Қостанай облысы прокуратурасының бөлім бастығының орынбасары, Қостанай облысы Арқалық қаласы прокурорының көмекшісі, Арқалық қаласы прокурорының бірінші орынбасары,  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тергеу және анықтама заңдылығын қадағалау Департаментінің басқарма прокуроры,  басқарма аға прокуроры, Павлодар облысы Ақсу қаласының прокуроры,  Павлодар облысының түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратурасының прокуроры,  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Департаментінің басқарма бастығы қызметтерін атқарған.

19 наурыз 2012 жылдан Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарады.

Прокуратура органдарында қызмет атқару барысында Бас Прокурордың және облыс прокурорының бұйрықтарымен бірнеше рет марапатталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 3 желтоқсан 2001 жылғы №734 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, 10 қараша 2011 жылғы №172 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 28 қараша 2006 жылғы №286/6 бұйрығымен «І дәрежелі «Прокуратура озаты» төсбелгісімен, 1 желтоқсан 2011 жылғы №219/6 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» мерекелік медалімен,  2013 жылғы бұйрығымен «III-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «II-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалдерімен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 24 ақпан 2012 жылғы бұйрығымен «аға әділет кеңесшісі» сыныптық шені берілген.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.