You are here

Жетім баланың қаржысы талан таражға салынған

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        Сарыағаш аудандық білім бөлімінің (қорғаншылық және қамқоршылық органы) мәліметіне сәйкес, аудан көлемінде 200 жетім бала бар, оның ішінде 1 бала асырап алынған, 190 бала 131 адамға қамқоршылық пен қорғаншылыққа және 9 бала 8 адамға патронат тәрбиеші мен тәрбиеленушілерге берілген.

        ҚР-ның «Неке (ерлі-зайыптылар) және отбасы туралы» Заңының 126 бабының 5-бөлігінде «Қорғаншы кемiнде алты айда бiр рет қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы және оны тәрбиелеу жөнiндегi, сондай-ақ оның мүлкiн басқару жөнiндегi жұмыс туралы есептер беруге мiндеттi» деп көрсетілген.

         Аталған Заң талаптарына сәйкес, қамқоршылар Б.Жаңабек (қамқорлығында 3 бала), Б.Кумекова (қамқорлығында 3 бала), Б.Сапарова, Б.Сарсенбаева және А.Сайтмбетова (қамқорлығында бір-бір баладан) 2016 жылы және 2017 жылдың өткен кезеңінде қорғаншылық және қамқоршылық бөліміне есептер тапсырылмаған.

         Аудандық прокуратурасымен жетім балалардың үйлеріне ішінара шығу арқылы тұрмыстық жағдайына зерделеу жүргізілді.

         Зерделеу нәтижесінде, Сарыағаш ауданы, Бірлік ауыл округінің тұрғыны Ж.Артықбаев Сарыағаш ауданы әкімінің 09.07.2006 жылғы қаулысына сәйкес, 2004 жылы туылған Г.Артықбаеваны және 2005 жылы туылған Н.Артықбаевты қамқорлығына алған және бүгінгі таңға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп бағуға жәрдемақы және асыраушыдан айрылған жәрдемақы алған.

         Алайда, сұрастыру барысында 2004 жылы туылған Г.Артықбаева 2006 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін Ошақты а/о тұрып жатқан туысы А.Хожабергенованың үйінде тұрып жатқаны және олар баланы күтіп-бағуға мемлекеттен ешқандай жәрдемақы алмағаны, Ж.Артықбаев тарапынан Г.Артықбаеваға материалдық көмек мүлдем көрсетілмей 2 млн. теңгеден астам мемлекет тарапынан берілген қаржыны жеке өзі жаратқаны анықталды.

 

Сарыағаш аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.