- Қаз
- Рус
- Eng
You are here
Жеңістің 72-ші бейбітшілік көктемі тойланды


2017 жылдың 5 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекелеріне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Салтанатты жиынға тыл ардагерлері Мұсалы Жорабаев, Мамет Темешов ақсақалдар, облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Өмірзақ Мелдеханов, облыстық ардагерлер төрағасы Жеңісбек Мауленқұлов, Консультативті кеңес төрайымы Роза Пак және қала, аудан прокурорлары қатысты.
Жиында сөз алған облыс прокуроры Ибраһим Иманов «Сіздерді Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
1992 жылдың 7 мамырында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды және бұл күн - Қарулы күштердің құрылған күні, мемлекеттік мереке - Отан қорғаушылар күні болып белгіленді.
Биылғы жылы Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 72-ші бейбітшілік көктемін қарсы алсақ, Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне «25 жыл» толып отыр.
Жеңіс күні - сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін паш еткен, бірлігі мен ынтымағын көрсеткен, тарихта алтын әріптермен жазылған күн» - деп сұрапыл соғыста қаза тапқан ардагерлерді дәріптеу мақсатында бір минут үнсіздік жариялап мерекелік жиынды ашты.
Сонымен қатар, мереке аясында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтарымен марапаттау ретінде сыныптық шен, Бас Прокурордың ведомствалық кеуде белгілерімен, облыстық Мәслихат, облыс Әкімінің грамотасымен және облыс прокурорының бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал да мінсіз атқарған бірнеше қызметкерге марапат ұсынылы.
Одан бөлек, ардақты ардагерлерімізді Шымкент қаласы Абай ауданының прокуроры Сұлтан Орманов құттықтап, өзінің ыстық лебіздерін білдірді.
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу