You are here

Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау – еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақты дамуының кепілі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі Қазақстан халқына жолдауларында да еліміздегі жеке кәсіпкерлік саласын қолдау, оны әр-түрлі заңсыз араласулардан қорғау және осы арқылы әрбір жеке кәсіпкерлік субъектісін ел экономикасындағы тұрақты әрі белсенді қатысушысына айналдыру еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақты дамуының кепілі ретінде айтылып өтті.

Өкінішке орай,  көптеген іс-шаралар жүргізілсе де, мемлекеттік бақылаушы және қадағалаушы органдарының қызметкерлерімен кәсіпкерлердің жұмыстарына негізсіз араласу жәйттері орын алуда.Бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің дамуына көптеген кедергілер келтіруде.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету прокуратура органдарының негізгі міндеттері болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жоспарлы және жоспарлы емес болып екіге бөлінді.

Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектісінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

Ал, прокуратура өз кезегінде осы заңнамалар талаптарының сақталуын қадағалау, заң бұзушылықтарды анықтап, заңсыз тексерулер жүргізген және басқа да заң бұзушылықтарға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін шешу жұмыстарын жүзеге асыратын бірден-бір орган ретінде белгіленген.

Заңның орындалуын қадағалау – үлкен жауапкершілік және басты міндетіміз. Қалалық прокуратурамен бақылаушы уәкілетті органдармен кәсіпкерлік субъектілерін тексеру кезінде заңдылықтың қатаң сақталуы жіті қадағаланып, олардың қызметіне жүргізілетін тексерулердің заңдылығын қадағалау шаралары күшейтілді. Кәсіпкерлік қызметке кез-келген негізсіз араласу төтенше жағдай болып есептеленіп, негізсіз араласуға жол берген қызметкерге жедел түрде тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылуда.  Өйткені, заңды түрде тіркелген кәсіпкерліктің жолын кесуге болмайтыны уақыт талабы.

Қалалық прокуратурамен жеке кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында бақылаушы уәкілетті органдар тарыпанан жеке кәсіпкерлердің ісіне заңсыз араласуға жол бермеу үшін шұғыл мобильді топ құрылған.

Әрбір кәсіпкер ғаламтар жүйесі арқылы www.pravstat.kz  сайтында кіріп, тексерулер бағанасына, тексеру тағайындай актінің тіркеу нөмерін жазса, онда тексерудің негізгі сұрақтары, тексеру тағайындаудың негіздері, оны жүргізудің тәртіптері және кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі.

 

Түркістан қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.