You are here

Заңсыз берілген субсидия қаражаты анықталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сарыағаш ауданы прокуратурасымен Сарыағаш аудандық ауыл шаруашылық және жер қатынастар бөлімі мемлекеттік мекемесіне «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламаның орындалу заңдылығына тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында Сарыағаш ауданының ауыл шаруашылық қожалықтарының орналасқан жерлері ойлы қырлы жерлер бола тұра, қазылған құдықтардың барлығына бірдей 500 метр тереңдікте судың шығуына күмән туғызатындығы анықталды.   

Атап айтқанда; Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округіндегі жер учаскелері тапсырыс берушімен мердігер арасында 500 метр құдық (скважина) бұрғылаудың әрбір метріне 50 000 теңгеден жалпы 25 000 000 теңге 03.03.2016 жылы келісім-шарт жасалған.

Осы жұмыстарға 2016 жылы 26 600 000 теңгеге құжаттар рәсімделіп, қаржылар аударылған. Бұл қаржының 80 пайызы мемлекет тарапынан 21  280  000 теңгесі субсидиялаған.

Алайда, шаруашылық қожалығымен құдық тереңдігі 500 метр емес, керісінше 150 метр қазылғаны анықталған, мұндай жағдайда құдық қазуға 7 500 000 теңге жұмсалған.

Осыған орай, ОҚО ауыл шаруашылық басқармасы қызметкерлерімен сеніп тапсырылған қаражат заңсыз шаруа қожалыққа аударылып, мемлекетке 13 780 000 теңге көлемінде аса ірі көлемде зиян келтіргені бойынша 31.03.2017 жылы ҚР ҚК-нің 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен тергеп тексеру тізіміне енгізіліп, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

Сарыағаш ауданының
прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.