You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті - 1796699998

2017 жылдың 14 сәуірінде Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті.      

Криминогенді ахуалдың талдауы көрсеткендей, Шымкент қаласында 2011 жылдан бері қылмыстық ахуал өсіп, орта есеппен 16% құраған.

Облыста орын алған қылмыстың 60%-ы Шымкент қаласына тиесілі болғандықтан, қаладағы криминогенді ахуалды төмендету мақсатында былтырғы жылдың тамыз айынан бастап «Қауіпсіз қала - Шымкент» жобасы жүзеге асырылуда.

Бірінші, қалта ұрлықтарына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында, қоғамдық автокөліктерде патрулдеу ұйымдастырылды. Қаладағы 200 қоғамдық автокөліктерге қалта ұрлығына қарсы сипаттағы ақпарат жазылған брошюралар ілінді.

Аталған жұмыстар нәтижесін беріп, 2016 жылдың қорытындысымен соңғы жеті жылдан бері бірінші рет қаладағы қылмыстылық деңгейі 7%-ға төмендеген.

Жоба аясында қалыптасқан тәсілдерді қайта қарап, осал тұстарды анықтадық, негізгі күштерді қажеттілігіне бағыттап, жоба қатысушыларынан жүктелген шараларға жауапкершілікпен кірісу міндеттелді. Нәтижесінде биыл 1-ші тоқсан қорытындысымен Шымкент қаласында тіркелген қылмыстар 20%-ға төмендеді (6574/5326).

Облыс прокуратурасымен жоба қатысушыларына (жергілікті атқарушы органдар, қалалық ЖПҚ, жұмыспен қамту орталығы, және т.б.) криминалдық ахуалды жақсарту мақсатында тұрғындарды қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға әлеуметтік жобалар арқылы кеңінен жұмылдыру ұсынылды.

Қазіргі таңда, 200 тұрғын жұмыспен қамту орталығы арқылы полицияның қоғамдық көмекшілері ретінде учаскелік бекеттерге бөлінді.

Сондай-ақ, Алкоголизм мен алкогольдік өнімдердің заңсыз сатылымына қарсы күрес бағытында ЖПҚ қызметкерлерімен айына кемінде 1 рет рейдтік іс-шаралар жүргізілуі жүйелендірілді.

Қаладағы аудан прокуратураларымен негізгі проблемалар көрсетілген қылмыстылық картасы дайындалып, тұрғындармен кездесу, криминалдық ахуал тұрақсыз аймақтарда ұйымдастырылуда.

Сонымен бірге, криминогендік аймақта полицияның қатысуы ұлғайтылды. Нәтижесінде, автопатрульдің күндізгі ауысымы 1,6 есе ұлғайды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.