You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңес мәжілісі өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңес мәжілісі өтті - 1387209546

20.09.2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ғимаратында құқық қорғау және мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен Үйлестіру кеңесі өтті.

Үйлестіру кеңесінің бірінші мәселесі есірткі бизнесімен күресу және алдын алу жолдары қаралды.

Талқыланып отырған мәселенің маңыздылығы, наркомания мен есірткі бизнесінің халық денсаулығына, ұлттық және ғаламдық қауіпсіздікке шынайы қауіптің бірі екендігімен сипатталады. 

Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жыл сайын өсуі алаңдатушылық тудырып, қабылданған шаралар нәтижесінде 2016 жылы олардың саны 26,5% төмендесе, 2017 жылдың 1-ші жарты жылдығында 34,9% төмендеген.

Құқық қорғау органдарымен жыл сайын заңсыз айналымнан есірткі және психотроптық заттарының тәркілену мөлшері де өсуде.

Саралау көрсеткендей, аталған құқық бұзушылықтарды жасайтын тұлғалардың әлеуметтік бейнесі: жұмыссыз және жастары 21-29 аралығындағы облыс орталығының тұрғындары, оның ішінде, орта-арнаулы білімі бар өз еліміздің азаматтары.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысымен құзырлы құқық қорғау және мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, арнайы іс-шара жоспары бекітілді.

Үйлестіру кеңесінің екінші мәселесі Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері орналасқан «Құқық қорғау қызметтер орталығын» құруға бағытталды.

Орталықтың негізгі мақсаты – өтініштердің қарау тәртібін өзгерте отырып тұрғындардың мемлекеттік және құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру.

Орталық «НұрОтан» партиясының облыстық филиалы ғимаратының  (Шымкент қ. Бейбітшілік көш. №3) бірінші қабатында орналасады, күту залдары кең және келушілерге ыңғайлы, ал жұмыс бөлмелері «open space» қағидасы бойынша шыныдан жасалады.

11 мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Орталықта тұрақты түрде орналастыру арқылы өтініштерді тіркеу, оларды қарау, сонымен бірге құқықтық қызметтердің 22 түрін көрсету жоспарланған.

Казіргі таңда орталықтың жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қазан айында іске қосу жоспарлануда.

Мәжіліске облыс прокуратурасы жанындағы Консультативтік Кеңес мүшелері, Қоғамдық Кеңес, облыстық маслихат депутаттары, облыс прокуратурасы аппаратының және бейнеконференц байланысы режимінде облыстың барлық қала, аудан прокурорлары қатысты.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.