You are here

Заң талаптарын сақтау маңызды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарымен «Алимент. төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы іске асырылуда.

Осы жобаның мақсаты уәкілеттік органдармен бірлесіп, алимет төлеу деңгейін көтеру шараларын іске асыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 47 бабының 1 тармағы 3) тарақшасына сай атқарушылық iс жүргiзу, егер шешiмде белгiленген талаптар немесе мiндеттер өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін қайтыс болған адамның құқықтық мирасқорына ауыспайтын болса, тоқтатылады.

Осы баптың 2 тармағында: «Атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда сот орындаушысы бір тәуліктің ішінде бұл туралы қаулы шығарады. Тиісті белгісімен атқарушылық құжатты не оның көшірмесін сот орындаушысы сотқа немесе құжатты берген басқа органға жібереді. Атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуымен бір мезгілде мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға тиіс»-делінген.

Заңның 17 бабының 2 тармағына сәйкес борышкер қайтыс болған жағдайда құқықтық мирасқорлық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндіріп алушының өтініші бойынша белгіленеді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) 1040 бабының 2 бөлігі 3 тармағына сәйкес мЖаңартұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты алименттiк мiндеттемелерден туындайтын құқықтар мен мiндеттер мұраның құрамына кiрмейдi.

Сонымен қатар, Заңның 101 бабының 1 тармағында, барлық алимент төлемдері бойынша берешекті өндiрiп алу алимент төлеушiнiң жалақысынан және басқа да табыстарынан жүргізіледі.

Ал, Заңның 52 бабының 4 тармағы 2 тармақшасына сай егер атқарушылық іс жүргізуді орындау процесінде борышкердің атқарушылық құжат ұсынылған мекенжай бойынша жоқ болғаны, басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында екені анықталса, жеке сот орындаушысы атқарушылық құжатты өндіріп алушыға қайтаруға құқылы.

Осы жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, алимент өндіру туралы атқару құжаттары бойынша борышкер болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін атқарушылық iс жүргiзу тоқтатылатындықтан, ол жөнінде жеке сот орындаушыларына хабарлау керектігін еске саламын.

 

Төлеби ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.