You are here

Ветеринариялық анықтама беру 30 минуттан аспауы қажет!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасының «ОҚО - кәсіпкерлікке қолайлы аймақ» Жобасын іске асыру аясында Бәйдібек ауданы прокуратурасымен аудандық ветеринария бөлімінің қызметінде ҚР-ның Кәсіпкерлік Кодексінің қолданылуына тексеру жүргізіліп, нәтижесімен бірқатар заң бұзышылықтардың орын алғаны анықталды.     

ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 23-бабы талаптарына қайшы, аудан көлемінде орналасқан барлық ауылдық округтер жанындағы ветеринарлық тіректердің басым бөлігінде ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері халыққа қолжетімді жерлерде орналастырылмағаны анықталды.

ОҚО әкімдігінің бекіткен стандартіна сай Жаңартылған"Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұзақтығы – 30 (отыз) минуттан аспауы қажет.

Алайда, аудан прокуратурасымен ауылдық округтерде орналасқан ветеринария бөлімшелері қызметкерлерімен "Ветеринариялық анықтама" алуға өтініммен жүгінген 110 кәсіпкерлерге анықтама стандартта белгіленген мерзім 1 күннен 1 айға дейінгі  мерзімге кешіктіріліп беріліп, кәсіпкерлердің құқықтарын өрескел бұзып, олардың кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтірілгені анықталды.

Аудан прокурорының ұсынысымен, кәсіпкерлердің құқығын бұзуға жол берген 10 ауылдық округі ветеринарлық бөлімше менгерушілері және 31 ветеринарлық фельдшерлері әр тұрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Одан бөлек, прокурорлық ықпал еті актісімен тиісті қаржы бөлініп, Алмалы және Борлысай ауылдық округтерінде интернеттік жұе іске қосылып, аталған ауылдардың  кәсіпкерлері өздерінің малдарына ветеринариялық анықтаманы  аудан орталығына келмей-ақ, жергілікті ветеринарлық бөлімшеден алу мұмкіндігіне қол жеткізілген.

 

Бәйдібек ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.