You are here

Ведомствоаралық комиссия мүшелері егін алқаптарының басына шықпай субсидия берген

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сарыағаш ауданы бойынша 2016 жылы ауыл шаруашылық егістіктерін және екпелерін қабылдау актісіне ведомство аралық комиссияның (ВАК) төрағасы аудан әкімінің орынбасары, мүшелері ауыл шаруашылық және жер қатынастар бөлімінің басшысы, орынбасары, ауылдық округінің әкімі және жер мамандары кіргізіліп, олармен дақылдардың бар жоқтығына визуалдық тексеру жүргізіп, қол қойылғаннан кейін аудан әкімі бекіткен.

Атап айтқанда; Ақтөбе а/о жалпы 542 шару қожалық бойынша 35 418 760 теңге бұл шаруа қожалық иелерінің ашық топырақ жағдайындағы дақылдарына субсидия алу үшін 12.10.2016 жылы өтінім қабылдаған.

Содан, ВАК мүшелерімен аталған шаруа қожалықтардың егістіктерінде дақылдарының бар жоқтығын 28.11.2016 жылы визуалдық түрде тексеру жүргізілді деген акті түзілген.

Демек, бір күнде ВАК мүшелерімен 542 шаруа қожалықтарының өтінімдерін қабылдап, олардың дақылдардың бар жоқтығына тексеру жүргізу мүмкін еместігі баршаға мәлім.

Аудан прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесімен ауыл ВАК мүшелерімен ауылдық округтеріндегі әр бір шаруашылық егістіктерінің және екпе алқаптарының басына түгел бармағандары анықталды.

Аталған заңсыздықтар бойынша аудан әкімінің атына прокурорлық актілер енгізіліп, нәтижесінде жергілікті атқарушылық органдарының 13-лауазым иесі түрлі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.

 

Сарыағаш ауданының
прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.