You are here

Үйлестіру Кеңесінде тиімді шағымдар қоғамы талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Үйлестіру Кеңесінде тиімді шағымдар қоғамы талқыланды - 1934309693

2017 жылдың 29 мамыр күні «Тиімді шағымдар қоғамына» жобасы аясында атқарылған жұмыстар және жобаны іске асыруға мемлекеттік органдардың қосқан үлесі тақырыбы бойынша облыс прокуратурасында Үйлестіру Кеңесінің мәжілісі өтті.      

Халық сенімінен шығудың басты жолы азаматтардың өтініштерін сапалы әрі тиімді қарау арқылы азаматтардың құқықтарын қорғау екенін ұғына отырып, облыс прокуратурасымен «Тиімді шағымдар қоғамына» атты жоба іске асырылуда.

Халық арасында жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, прокуратура органдарының қарауына жатпайтын өтініштердің түсуі тоқтатылып, құзіреттілігі бойынша тапсыру ұғымы қалыптастырылды. 

Прокуратура органдарымен мемлекеттік мекемелерде азаматтарға шағымдану құқықтары мен тәртібін түсіндіретін хабарламалар  тәжірибеге ендірілді.

Атқарылған жұмыс тиімділігінің нәтижесінде ағымдағы жылдың 4 айында түскен өтініштердің саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға төмендегенін атап өтуге болады.

Одан бөлек, мемлекеттік мекемелерде өтініштерге қойылатын бұрыштамалар, өтініш иелеріне қабылдауды жүргізген басшылармен жауап беру тәртібі қалыптасты.

Өтініштердің сапалы және мерзімінде қаралуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы «Өтініштерді қарау алгоритмі» мен өтініштің үлгілері әзірленіп, барлық мемлекеттік органдарға тәжірибе ретінде жолданды.

Арызданушылардың шағымын тиімді әрі нәтижелі қарау мақсатында Шымкент қаласында «Азаматтарды қабылдау орталықтары» ашылып, қазіргі таңда халық игілігіне жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдан бастап «смс жауап» қызметі іске қосылып, арыз иелеріне жауаптың дайын болғандығы және түпнұсқаны алу құқықтары түсіндіріліп ұялы телефондарына хат жолдануда.

Азаматтарға шағымдану құқықтарын түсіндіру мен заңдық кеңестер беру бағытында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы ұйымдастырылып, 3 сағатта 350-ден астам азамат білікті заңгер мамандардан тегін көмек алды.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 2 жартысынан бастап облыс прокуратурасы прокурорлық қызмет ету саласына жобалық менеджментті (басқару) енгізген.

Үйлестіру Кеңес мәжілісінде азаматтардың өтініштерін қарау бойынша жұмыстың сапасын арттыру, жобада бекітілген іс-шараларды жүзеге асыру бойынша ведомстволық бақылауды күшейту мәселелері талқыланды.

Мәжіліс шешімімен мемлекеттік және құқық қорғау органдардың басшыларына өтініштермен жұмыс істеу сапасын арттыру, жоба негізінде бекітілген іс-шаралар жоспарының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Жиынға құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарының бірінші басшылары мен облыс прокуратурасының консультативтік кеңес мүшелері, облыс мәслихатының депутаттары қатысты.

 

ОҚО прокуратурасының
баспасөз қызметі

 

Үйлестіру Кеңесінде тиімді шағымдар қоғамы талқыланды - 204792522
Үйлестіру Кеңесінде тиімді шағымдар қоғамы талқыланды - 371618269
Үйлестіру Кеңесінде тиімді шағымдар қоғамы талқыланды - 1885334364
Үйлестіру Кеңесінде тиімді шағымдар қоғамы талқыланды - 982016403
Үйлестіру Кеңесінде тиімді шағымдар қоғамы талқыланды - 280108090
Үйлестіру Кеңесінде тиімді шағымдар қоғамы талқыланды - 897418406

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.