You are here

Ұрлық көбеюде абай болыңыздар !!!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Аудан прокуратурасымен «Шымкент-қауіпсіз қала» жобасын іске асыру мақсатында жоспар бекітіліп сол бойынша жұмыстар атқарылуда.

2017 жылдың 8 айында орын алған ұрлық қылмыстарын былтырғы жылмен салыстырғанда 15,8% төмендеген, оның ішінде  пәтер  ұрлығы 16,3% (289-дан 336-ке) және қалта ұрлығы өскен.

Осы санаттағы қылмыстарды саралай келе, бұл қылмыстар базар, автобус, үлкен сауда үйлерінде орын алатыны анықталды.

 Атап айтқанда, Шымкент қаласының, Төлеби көшесі бойындағы Акбар базарында, Жоғарғы базар аумағында, Ордабасы алаңында, Көл аялдамасы жанында, ескі қалашық (старый город)-автовокзал маңында, Джангельдина көшесі бойында, Тауке хан көшесінің ЦУМ, «Мега» сауда орталықтарында, Байтұрсынова көшесі бойындағы «Гарант» маңында, студенттік қалашық аймағында, М.Әуезов атындағы университеті жанында, Спорт мөлтек ауданы, «БАМ» елді мекендерінде орын алған.

Сонымен қатар, қалта ұрлығы қоғамдық автобустарында жиі орын алып, оның ішінде бірнеше рет №27, 58, 91, 93, 109, 74 және 35 бағыттағы автобустарында орын алған.           

Ұрлық қылмыстарының алдын алу мақсатында, Әл-Фараби ауданы бойынша жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге, Шымкент қаласы Тауке хан көшесінің бойында орналасқан «Гарант» дүкенінде және сол жерде ұялы телефондарды сатумен айналысатын тұлғаларға жаңа немесе қолданыста болған ұялы телефондарды сатып алу кезінде, ұрлықы немесе криминалды телефондар екенін анықтап білу мүмкіндігі бар екендігін түсіндіріп, олардың IMEI-кодтарын тексеру арқылы білуге болатындығы туралы парақшалар таратылды.

Мысалы, «Криминальный телефон» дерекқоры бойынша ұялы телефонды тексеру нұсқаулығы. «mvd.gov.kz» сайтына кіріп «регистрация» бөлігінде өзіңіздің логин мен пароль арқылы кіріп «Интерактивные сервисы» бөлігінде «Криминальный телефон» парақшасында телефонның IMEI-кодын теріп, содан соң табу белгісін басу арқылы ұялы телефонның ұрлықы екенін білуге болады.

 

Әл-Фараби ауданы прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.