You are here

Тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ел өміріндегі өзекті мәселелердің бірі – отбасылық зорлық-зомбылық.

Әр азамат өз отбасын құрған кезде, ол осы жанұяның тыныштығы мен берекесіне, ата-анасына, жұбайына, бала-шағасына деген құрметпен қарап оларды аялап өсіруге кепіл болуы қажет.

Алайда, қазіргі таңда отбасылық зорлық-зомбылық басылар емес, көбінесе отбасы болып саналатын азаматтар, спирттік ішімдігін ішіп болмашы себептермен, кейде себепсізде күндіз болсын, түн ортасы үй іші ұйқыда жатқан кезі болсын жанұяның тыныштығын бұзып, оларға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеп, қорлап тиiсіп, кемсiтіп, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiреді.

Бірақ, көп жағдайда жанұя мүшелері осындай оқиғалар орын алған кезде, құқық қорғау органдарына хабарласпай отбасылық зорлық-зомбылыққа төзіп жүреді.

Осы заң нормалары мен әдепке қайшы іс-әрекеттері үшін құқық бұзушы азаматтар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73 бабымен 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасына тартылуы мүмкін екендігін түсінуі, ал жәбір шегушілер құқық қорғау органдарына тез арада хабарлауы қажет.

  Ал егер, азамат қол жұмсап жеңіл, орта немесе ауыр дәрежедегі денсаулыққа зиян келтірсе, ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің нормаларына сай қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Осыған орай, отбасының әрбір мүшесі өзінің үй ішіндегі болып жатқан зорлық-зомбылық жайында құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлап, құқықбұзушыға заңды шара қолданылса, мұндай жағдайлардың болашақта қайталанбауы үшін алдын алу жолы болары анық.      

 

 

 

Абай ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.