You are here

Тұрғын үйге мұқтаждардың құқықтары қорғалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Төлеби аудандық прокуратурасына Ленгер қаласы тұрғынынан аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің (әрі қарай-Бөлім) қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері туралы арызы келіп түскен.

Арызды қарау барысында, Бөліммен мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебінен арызданушының қайтыс болған анасы есептен шығарылғаны анықталған.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сәйкес, белгіленген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және есепке қойылған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, сондай-ақ көп балалы отбасылар тұрғынжай алғанға дейін есептен шығарып тастауға жатпайды делінген.

Алайда, аталған заңның талаптары сақталмай, комиссиямен заңсыз шешім қабылданғаны анықталған.

Тексеру нәтижесімен марқұмның балалары тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қайта алынып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды. 

 

Төлеби ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.