You are here

Тәуелсіздік-ел тірегі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

1986 жылы болған оқиға елдің еңсесін көтеріп отаншылдық отын маздатқан еді.

1991 жылы ел басының жарлығымен 16-шы желтоқсан тәуелсіздік күні болып жарияланды. Халықтың тілегі қабыл болып тәуелсіздік туы еліміздің көгінде желбіреді.

Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 26 жылдығын тойлағалы отыр.

Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы. Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш береді.

Тәуелсіздікке жету-оңай жолмен келген жоқ, оның тарихы бәрімізге мәлім.

Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасып, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекет екенімізді дүние жүзі мойындады.  

Тәуелсіз мемлекетіміздің қазіргі келбеті, тұңғыш президентіміз, Елбасының есімімен тікелей байланысты. Себебі тарихи өтпелі кезеңде Елбасының көрегендік және батылда ашық саясаты болмағанда осындай жетістіктерге жетер ме едік. Өйткені Елбасымыздың сол кезеңдегі басты таңдаған стратегиялық бағыты- кеңестік жоспарлы экономикадан бас тартып, ашық нарықтық экономикаға көшу болды. Ол дегеніміз түбегейлі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырып, шетелдік инвестицияны елімізге алып келіп, тоқтап қалған өндіріс орындарына қайта жан бітіру.

Осындай тарихи маңызды шешімдердің арқасында біз қазіргі таңда әлемнің 50 ең бәсекеге қабілетті елдері қатарына кірдік.

Осының бәрі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ерең еңбегінің арқасында халқымыз-тыныштықта, Отанымыз еркіндікте. Аз ғана жылда аспанның астын жайнайтын  Астана-шаһарын тұрғызды. Елдің бірлігі артып, берекесі кірді.  

Сондай-ақ, Тәуелсіздік жылдары құқық қорғау, оның ішінде прокуратура органдары да үлкен өзгерістер мен реформалаудан өтіп, нәтижесінде заңдар ізгілендіріліп, сапасы артып, адам және оның құқықтары қоғамның жоғары құндылығы ретінде бірінші кезекке шығарылды.

Ендігі жерде, Қазақта Ел боламын десең, бесігінді түзе, «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашысын деген даналы сөздерге сүйеніп, әр азаматтан мемлекетіміздің нығаю жолында ел тыныштығын сақтап, мемлекетіміздің көркеюіне аянбай еңбек етіп, осы ата бабаларымыздан мұра болып қалған  жердің де, елдің де иесі өздері екендігін және оны келер ұрпаққа көздің қарашығындай сақтап, өткізу әр азаматтың міндеті екенін сезінген жөн.

Сонда ғана Қазақстан Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры бекіп,  Мәңгілік Елге айналатындығымыз бәрімізге мәлім.

Сөзімді қорыта келе, осы бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен бірге барайық демекшімін.

 

Еңбекші ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.