You are here

Тергеу барысын жеңілдетудің жетістіктері

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету, тергеп-тексеруді қысқа мерзімде аяқтап, тараптарды әуреге салуға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

Бұл іс-шарадан Ордабасы ауданының қылмыстық қудалау органдары да шет қалмастан, өз үлесін қосып келеді.

Жоба шеңберінде белгіленген талапқа сай, Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімінде арнайы жабдықталған тергеу бөлмесі іске қосылып, онда бейнебақылау камерасы орнатылды, жауап алудың ашықтығы мен заң шеңберінде жүргізілгенін бекіту үшін шыныдан жасалған есіктер қойылып, бөлме ішіндегі әрекеттерді сырттай бақылау мүмкіндігі пайда болды.

Айқын қылмыстар бойынша 10 күнде шешім қабылдап, негізінен қарау үшін істерді сотқа жолдау тәжірибесі қолға алынды.

Мұнымен шектелместен, ауыр және аса ауыр қылмыстарды тергеу кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және істерді созбалаңдыққа салуды түбегейлі жою үшін процесс прокуроры тағайындалуда, бұл қызметкерлер тергеушімен қоян-қолтық жұмыс жүргізіп, кемшіліктерге тосқауыл қоятын болады.

Жоспарланған жұмыс көлемін орындау нәтижесі қылмыстық қудалау органдарының беделін көтеруге септігін тигізіп, тергеп-тексерудің ашықтығы мен жылдам шешім қабылдау ағымын қалыптастыратын болады.

Ордабасы ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.