You are here

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру-басты парыз

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Біз мүлде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес. Ал шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол-әлеуметтік мәселе. Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол-жемқорлық. Елімізде осы мәселе бойынша заңдарға өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 2015 жылғы 18 қараша күні қабылданды.

Бұл Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 15 тарауына сәйкес, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалау, лауазымды адам өкілеттіктерін иемденіп алу, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, қызметтегі әрекетсіздік, салғырттық, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 34-тарауына сәйкес, жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы, заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы, мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде шаралар қолданбауы, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау сияқты іс-әрекеттер әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жатады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білуі қажет. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақсатан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білуі керек.

 

Қазығұрт ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.