You are here

Сотталғандарға әлеуметтік көмек

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

10.08.2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасы бойынша облыс прокурорының орынбасары Ә.Қожахметовтың төрағалық етуімен Сайрам ауданындағы пробация қызметінің бақылауында тұрған сотталғандарға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету мақсатында, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және көші-қон жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуларымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында сотталғандардан әлеуметтік және өзгеде мәселелер, оның ішінде кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға жеңілдетілген несие алу, жұмысқа орналасу, жеке басын анықтау құжаттарын қалпына келтіру және өзге де мәселелерге байланысты сауалдар түсіп, қосымша зерделеуді қажет етпейтін сауалдары бойынша сол мезетте құқықтық түсіндірме жүргізіліп, жұмысқа орналасу және жеке басын анықтау құжаттарын қалпына келтіру мәселелері бойынша құқықтарын іске асыруға ықпал жасау туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, кездесу барысында пробация есебіндегі азамат Д. мал бордақылауға жеңілдетілген ауыл-шаруашылығы несиесін алуға көмек беру туралы мәселесі өз шешімін тауып, Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл-шаруашылығы бөлімімен сотталған азамат Д.-дан 4 млн. теңге несие алуға өтінімі қабылданды. 

Бұдан бөлек, сотталғандар К. және Н.-дерді жұмысқа орналасу туралы мәселелері шешімін тауып, олар сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіпкерлік бөлімі арқылы кәсіптік даярлау курстарына жіберіліп, бітірісімен жұмысқа қабылданатындары кепілдендірілді.

Кездесу соңында сотталғандар өз ризашылықтарын білдіріп, мағыналас іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті.

 

 

Оңтүстік Қазақстан
облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.