You are here

«Сәләфи» діни ағымын ұстанушылардың қателіктері

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сәләфизм жақтаушылары өздерінің көзқарастарын қазақ жерінде дәріптеумен қатар сан ғасырлар бойы қазақи дүниетанымда қалыптасқан діни көзқарастың шайқалуына себеп болып отыр. Бұл өз кезегінде буыны қатпаған мұсылман жастардың арасында кикілжің туындауына алып келеді.

Атап айтқанда, сәләфилер өздерінің ұста­ным­дарында ақида мәселесінде тым шектен шыққан. Олар Алла Тағалаға жаратылыстың сипатын беру арқылы сондай-ақ, Аллаға заман, мекен берумен аспан көктерінен түсу, көтерілу секілді қисынсыз көзқарастарын алға тартады. Бұдан басқа осы уақытқа дейін Ашъария, Матурудия сияқты мәзһабтардың ешқайсысы Жаратушыға мұндай сипат бермеген.

Сәләфилер мұндай сенімдерінен бөлек өздерімен санаспаған барлық әсіресе, сопылық бағыттағы мұсылмандарды кәпірге шығарып, олардың амалдарын ширк амалдарымен теңестіреді.

Сәләфилер Құран Кәрімді жай тілдерінде ғана оқиды. Іс жүзінде олар Құраннан тыс әрекет жасайды. Қандай да бір діни мәселеде сәләфилер өздерінің ғалымдарының шығарған үкімдеріне ғана назар аударады. Осылайша олар Құранды сәләфизм идеологтарының ұғымында ғана түсінеді.

Сәләфилер Мұхамед (с.ғ.с.) пайғамбардың қабірін зиярат ету амалын құп көрмейді. Сонымен қатар, олар пайғамбарды (с.ғ.с.) еске алуға байланысты қандай да бір шара ұйымдастыруды немесе оның туылған күнін (Мәуліт) атап өтуді дұрыс амал деп  есептемейді.

Сәләфилер Құрандағы «сүннет», «фиқһ» секілді терминдердің түпкі мағынасын бұрмалап көрсетумен айналысады. Олар Құрандағы аталған терминдерді араб (Хижаз) өлкесінде тұратын халықтың түсінігіне жақын етіп, бұл терминдерді тек дінмен байланыстырып түсіндіруге тырысады. Соның салдарынан бүгінде ислам әлемінде әсіресе, араб түбегіндегі елдерде ғылыми жаңалықтың ашылмауына, ондағы мұсылмандардың бірбеткей, яғни, өмірлік бақытқа жету үшін тек діни біліммен шектелу секілді көзқарастың қалыптасуына әкеліп соқтыруда. Бұған қазіргі сәләфизм жақтаушыларының арасында жаратылыстану, инженерия, астрономия, медицина және т.б. секілді ғылым салалары бойынша бірде-бір ғалымның шықпауы дәлел бола алады.

Сәләфилердің Алла Тағаланы тану мен ислам дінін терең меңгеремін деген көзқараспен ғана ақыл саналары шектеліп қалған. Осылайша сәләфилер Құрандағы жаратылысқа ой жүгірту, көк пен жердің жаратылысын тану секілді аяттардың негізгі мағынасын түсінбей, тек исламның шеңберінде ғана өмір сүруде.

Сәләфилер өздерінің Ибн Таймия, Мұхамед ибн Абдул Уаһһаб секілді ғалымдарының діндегі орнын өзгеден жоғары қойып оларды исламның негізгі қайнарлары деп біледі.

Сәләфизм жақтаушыларының арасында адами моральдық қасиетке ие мұсылмандар өте аз. Олардың діни жүйелерінде мұндай қасиеттерді ұстану енгізілмеген. Сондықтан болар олармен пікір алмасу аса қиын.

Сәләфилер исламдағы ар-ождан түсінігін айналып өтеді.

Сәләфилер арабтардың дүниетанымы, салт-дәстүрі мен сенім-нанымдарын діннен деп біледі.

Сәләфилер (барлығы емес) заманауи күллі ғылымдарды арнайы бағыт ретінде оқу мен технологияларды қолдануға түбегейлі қарсы.

Сәләфилер әлемді екіге бөлді. Біріншісі, өздерімен санасқан мұсылмандар әлемі, екіншісі, «Дар ул-харб», яғни, өздеріне қарсы келгендер әлемі. Сәләфилер бұл екінші топтағы адамдарға қарсы соғыс ашу қажеттігін айтып, «оларды шариғи үкіммен өмір сүруге міндеттеу керек» деген көзқарасты алға тартады.

Осындай аталған ұстанымдары бар сәләфизм жақтаушылары бүгінде әлемнің өркендеуіне, адами қарым-қатынастың орнығуына, елдер арасындағы дипломатиялық байланыстың нығаюына және басқа да сала бойынша жетістіктердің ашылуына өрескел кесірін тигізіп жатыр.

Сонымен қатар, сәләфилер Алла тарапынан түскен ислам дініндегі жан-жақты түсініктерді тарылтып, көптеген мұсылмандар жетістіктерін әлемдік аренаға шығуына тосқауыл болып отыр.

Осы жайттардың барлығы бүгінгі таңда қоғамдағы ауызбіршіліктің бұзылуына алып келуде. Бір сөзбен айтқанда сәләфизм бағыты Алланың ризашылығына кенелетін жолдарды жауып, адами қасиеттерден айыратын және ілгері дамудың негізін жоятын керітартпа адамдарды дайындаумен айналысуда. 

 

Әл-Фараби ауданының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.