You are here

Сайрам ауданында құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері қаралды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

13.12.2017 жылы Сайрам аудандық соты мен аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде Төлеби, Түлкібас аудандарының сот, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінің, адвокат, медиатор, қоғамдық ұйым мүшелерінің қатысуында «Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша» ауданаралық семинар өткізілді.
Семинар барысында Қылмыстық-процестік кодекске, «Жедел-іздестіру қызметі туралы» және «Прокуратура туралы» заңдарына енгізілген түзетулер мен толықтырулар талқыланды.
Соның ішінде электрондық қылмыстық іс жүйесінің артықшылықтарына және оның қандай жолдармен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтетініне айрықша назар аударылды.
Сонымен қатар, «Электронды қылмыстық іс» жүйесін іске асыру үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге бағытталған сұрақтары мен осы жүйемен жұмыс жасауды үйрену үшін қандай іс-шаралар қабылданып жатқаны да талқыланды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.