You are here

Сарыағаш ауданының мұғалімдеріне қарсы Заңбұзушылықтар анықталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сарыағаш аудандық білім бөлімінде 2015-2016 оқу жылында атқарған жұмыстарында, «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.12.2015 жылғы №1042 бұйрығы талабының орындалу заңдылығына жүргізілген зерделеумен заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.

ҚР «Еңбек» Кодексінің 23-бабының 2-тармағының 5-тармақшасына сай, жұмыс беруші қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақытылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті деп көрсетілген.

Ал, Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабы 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында әркiмнiң еңбегі үшін нендей бір кемсiтусiз сыйақы алуына  құқығы бар деп көрсетілген.

Дегенмен, аудандық білім бөлімі тарапынан, 2015 жылдың тарифінде, мектептегі зертханашылардың лауазымы «В-3» санаты болып белгіленгенімен, оларға «В-4» санатымен аз мөлшерде қаржы төленіп келген.

Мұндай заңсыздықтар, аудан көлемінде орналасқан 108 мектептердің 428 зертханашыларына 2015 жылдың қаңтар - қыркүйек айынан бастап істеген жұмысы үшін алған жалақыларындағы айырмасы бойынша 11 019 696 теңге кем есептелгені анықталды.

Орын алған заң бұзушылық бойынша аудан прокуратурасымен білім бөлімі басшысы атына ұсыныс енгізіліп, қазіргі таңда қаралу сатысында.

 

Сарыағаш ауданының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.