You are here

Сарыағаш ауданы прокуратурасымен жол-көлік оқиғалары және оның алдын алу бағытында атқарылған профилактикалық жұмыстар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сарыағаш ауданда Республикалық маңызы бар 128 шақырым, облыстық маңызы бар 502,9 шақырым және жергілікті 232 шақырым жолдар бар.

Ауданымыздан Алматы-Термез, Жібек-жолы-Жетісай Республикалық маңызы бар автожолдардың орналасқан. Диқаншылық кезендер басталған уақытта бұл жол коридорларынан бір тәулік ішінде 25 000-нан астам  автокөліктер өтіп отырады.

Алайда, осы автокөлік жүргізушілерімен ҚР «Жол жүрісі туралы» Ереженің сақталмауы салдарынан көптеген жол көлік оқиғалары орын алып, азаматтарымыздың түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алумен қатар, қаза болу деректеріне әкеп соқтыруда.

Он жылға созылған Ауған соғысы кезінде кеңестік одақтан 10 мыңнан астам адам көз жұмса, соңғы 5 жылдың өзінде Республика аумағында 10 мыңға жуық адам жол-көлік оқиғаларынан қаза тауып, 80 мыңға жуық адам әр түрлі дене жарақаттарын алған.

Ал, бұл жағдайлардың орын алуы, әр бір отбасыға орасан қайғы қасірет алып келетіндігі сөзсіз.

Аудан көлемінде үстіміздегі жылы 127 жол көлік оқиғалары тіркеліп, соның салдарынан 179 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Оның ішінде, 82-сі ер азаматтар, 58-і әйелдер, 39-ы кәмелетке толмағандар. 

13 жол көлік апаттарынан 24 азаматтың өлімімен ұштасқан орны толмас ауыр жағдай орын алды. Қаза болғандардың 12-сі ер кісілер, 7-уі әйел кісілер, 5-уі кәмелетке толмағандар болып отыр.

Яғни, Алматы-Термез және Жібек-жолы-Жетісай Республикалық маңызы бар автожолдарында күнделікті жүріп отыратын көліктердің жүктемесі өте жиі болғандықтан жол-апатының болу қауіпі өте жоғары.

Осыған байланысты, аудан прокуратурасымен Сарыағаш қаласының шыға берісінде жол көлік оқиғаларынан зардап шеккен автокөліктердің суреттері бейнеленген билборд ілінді.

Бұдан бөлек, жол апатының статистикасы көрсетілген 1000-ға жуық жаднамалар жасақталып, волонтерлармен авто бекеттер, жанар-жағар май құю бекеттерінде көлік жүргізушілерге тарқатылды.

Осы атқарылған жұмыстар және бейне ролик «Facebook» әлеуметтік желісінде орналастырылды.

 

Сарыағаш аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.