You are here

Рейдтермен мемлекет пайдасына 4 млн. теңгеге жуық қаржы өнірілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сарыағаш аудандық прокуратурасымен 2017 жылдың мамыр айының 11-ші жұлдызы маусым айының 12-ші жұлдызы аралығында сот актілері және уәкілетті органдардың қаулылары негізінде мемлекетке қаржы өндірілуі тиіс атқару құжаттарының орындалуы бойынша «Мемлекетке қарызыңды қайтар» атты акция ұйымдастырылды.

Акцияға қала, кент, ауылдық округ әкімдіктері және ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылып, мемлекет мүддесі үшін  қаржы өндіру пайызын арттыру мақсатында ауылдық округітерде рейдтер жүргізілуде.

Осы акция аясында мамыр айының 15-мен 19-шы жұлдызы аралығында Сарыағаш қаласына ОҚО ІІД ЖПҚ-нен «Ураган» арнайы жабдықталған автокөлігі шақыртылып аудан көлемінде айыппұлдан қарызы бар автокөліктерге рейдтік іс-шара жүргізілді.

Нәтижесінде, Сарыағаш қаласында орналасқан автотұраққа жалпы 3 млн. теңге жуық айыппұлдан қарызы бар 43 автокөліктер қойылып,  жүргізушілер тарапынан ұзақ мерзімдер бойы төленбей келген қаржылар өндірілуде.

Бұдан бөлек, ауыл округтерінде жүргізілген рейдтермен мемлекет пайдасына  4 млн. теңгеге жуық қаржы өнірілді.

 

Сарыағаш ауданының
прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.