You are here

Прокурорлық ықпал ету шараларымен мемлекет қаржысының шығындалуына тосқауыл қойылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 27.04.2016 жылғы шешімімен талапкер Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  жауапкер жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  басшысынан мемлекет пайдасына 725 млн. теңгеден астам  келтірілген залалды субсидиярлық тәртіппен қаржы өндіру туралы талабы қанағаттандырылған.

Оңтүстік Қазақстан облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының  29.07.2016 жылғы қаулысымен бірінші сатылы сот шешімінің күші жойылып, талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған.

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының принциялды ұстанымының арқасында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 03.04.2017 жылғы қаулысымен жоғарыда аталған апелляциялық сот алқасының қаулысының күші жойылып,  бірінші  сатылы соттың серіктестіктің басшысынан мемлекет пайдасына 725 млн. теңгеден астам  залал субсидиярлық тәртіппен қаржы өндіру туралы шешімі өз күшінде қалдырылған, яғни прокурорлық ықпал ету шараларымен  мемлекет қаржысының шығындалуына тосқауыл қойылды.

ОҚО прокуратурасының

сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.