You are here

«Прокуратура туралы» жаңа Заңының талаптарына түсіндірме

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Конституцияның прокуратура туралы 83-бабына 22 жылдың ішінде алғаш рет өзгерістер енгізілген. Жаңа Заң қабылданды.

Бұлардың барлығы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам, бизнес пен мемлекет мүддесін қорғаудағы жұмыстарды күшейтуге бағытталған.

Прокуратураның өзгеруіне Конституциялық негіз жасалды.

Ата Заңымыздың жаңа редакциядағы 83 бабында прокуратураның қоғамға қызмет ететін үш саласын айқындап берді.

-   Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады,

-         сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді,

-       мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Прокуратураның құзыры нақты (құқы және міндеттері) айқындалып, оның жауаптылығы, бағыты белгілінді, тексерілу субъектілерінің міндеттері мен құқы айқындалып, прокурорлармен сотқа өтініш талап арызбен жүгіну және тексеру тағайындау негізі қысқарды.

Заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізудің, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен ресурстарға қолжетімділікті пайдалана отырып талдау жүргізудің тәртібі осы заңда, өзге де заңнамалық актілерде және Бас Прокурордың актілерінде айқындалады.

Талдау прокурорлар субъектілерге (объектілерге) бармастан статистикалық деректерді, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін, азаматтық және қылмыстық істердің, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдарын, сондай-ақ ақпараттың өзге де көздерін зерделеу арқылы жүргізіледі.

Талдау нәтижелері анықтама түрінде ресімделеді. Талдау нәтижелері бойынша осы Заңға сәйкес прокурорлық қадағалау не ден қою шаралары қабылданады.

Сонымен қатар, қадағалаудың үш нысаны көзделді: тексеру, талдау, заңды күшіне енген құқықтық актілерді бағалау. Скорректирована система правовых актов прокурора.

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары бiрыңғай жүйеленіп, Бас прокурордың, Бас прокуратураның,  облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар, аудандық және оларға теңестірілген қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған прокуратуралардың құзырлары белгіленді.  

Прокуратура органдарының қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау саласына түбегейлі өзгерістер енгізілді.

Сот сатысын қадағалау және қылмысты қудалау болып бөлінді. Сот актілері заңды күшіне енген сәттен бастап  қадағалау басталады.   

Бірінші және апелляциялық сатылы соттардың қабылдаған актілері заңды күшіне енгенге дейін прокурор қылмысты қудалауды жүзеге асырады:

-         мемлекеттік айыптауды қолдау

-         заңды сот актісін қабылдауға сотқа бағыт береді.                                                  

Осы сатыларда жақтардың толық көлемде тең процессуалдық принциптері сақталады. Прокурор дәлелдемелерді зерттеуде қорғаушымен бірдей қатысады.

Егерде бірінші сатылы сот үкімі мен қаулысымен келіспеген жағдайда, оны қайта қарау туралы өтінішхат бере алады.

Сот үкімі заңды күшіне енбей ешқандай құқықтық әрекеттерге әкеп соқпайды. Сот үкімі барлығына міндетті және заңды күшіне енгеннен бастап орындалуға жатады. Осы кезден бастап адам кінәлі деп табылады. Осы уақытқа дейін прокурор мемлекет атынан қылмыстық қуадалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттік айыптауды қолдайды және апелляциялық сатыда үкімді заңдастыру туралы өтінішхат жасайды.

Қылмыстық қудалау сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап аяқталады. Арықарай жоғары қадағалау жүзеге асырылады. Прокурор үкімнің заңдылығын оқиды және оның орындалуын тексереді.

Прокурордың өтінішхаты қадағалау актісі болып танылмайды. Ол прокурорлық шара көру актісіне жатады. Сот үшін прокурорлық өтінішхат, сот мәжілісінің басқа қатысушыларының апелляциялық шағымынан айырмашылығы болмайды. Өтінішхат заңды күшіне енбеген сот актілеріне келтіріледі. Прокурордың өтінішхаты түскен шағыммен бірге қаралады. Жақтар прокурорға апелляциялық  сатыға өтінішхат келтіру туралы өтініш жасамайды. Олар шешімге тікелей өздері шағымданады. Заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіріледі. Наразылық келтіретін бірақ саты ол Жоғарғы сот сондықтан, наразылық тек Бас Прокурормен келтіріледі.

Мәжіліс қатысушылары Бас Прокурорға, қабылданған сот шешімінің заңдылығын тексеру туралы кассациялық тәртіпте наразылық келтіру туралы өтініш келтіруге мүмкіндігі бар.         

Егер жақтар апелляциялық шағым келтіру мерзімін өткізіп алған жағдайда, оның Бас Прокурорға наразылық келтіру туралы өтінішпен шығу мүмкіндігі болады.        

Бас Прокурордың наразылығын, кассациялық сот сатысы алдын ала қараусыз дереу өндірісіне қабылдайды.

Заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіруге тек ҚР Бас Прокуроры құқылы. Басқа прокурорларға бұл құқық берілмеген. Бұл сот билігінің тәуелсіздігін күшейтеді.

 

ОҚО прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.