You are here

Прокуратура туралы жаңа Заңның ерекшеліктері

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

21 желтоқсан 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңы 30 маусым 2017 жылы күшін жойып, біршама өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жаңа «Прокуратура туралы» Заң (әрі қарай - Заң) қабылданып, қолданысқа енгізілді.

Қолданысқа енгізілген Заңмен прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары, қадағалаудың нысаны мен шегі, заңдылықтың жай-күйін талдау мен тексерістер жүргізу тәртібі, құқықтық актілер жүйесі, прокуратураның қылмыстық қудалау жүргізудегі рөлі өзгертілді және тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері көрсетілді.

Басты өзгерістердің бірі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібінің өзгергенін айту қажет.

Бұрынғы Заң бойынша прокуратура органдары заң бұзушылық орын алғандығы туралы кез келген өтініштерді тіркеп, оның бірін өзінің қалауымен қарауға немесе басқа органға жолдауға құқылы болып келген болса, қазіргі Заңға сай прокуратура органдарында қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамада, әкімшілік құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласындағы заңнамада белгіленген өтініштер, сонымен бірге төмендегі санаттағы өтініштер қаралатын болады:

-         физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтары бұзылған;

-         шектелмеген адамдар қатарының құқықтары бұзылған;

-         адамдардың өмірі, денсаулығы немесе мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға байланысты өтініштер;

Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, анонимдік өтініштер прокуратура органдарында қаралуға жатпайды.

Ендігі кезекте прокуратура органдары өз қызметтерін жаңа Заң шеңберінде жүргізетін болады.

Азаматтардың жоғарыда көрсетілген санаттағы өтініштерді прокуратура органына тапсыруы, өзге өтініштерді тиісті уәкілетті органға табыс етуі, өздерінің де өзгенің де уақытын үнемдеуге, көтерілген мәселені қысқа мерзімде шешілуіне ықпал ететіндігін назарға саламын.

 

Түркістан қаласының
прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.