You are here

Прокуратура органдарына орналасу тәртібі қалай?

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы №720 санды Жарлығымен мақұлданған құқық қорғау органдарының кадр саясаты Тұжырымдамасы қағидаттарының бірі болып табылатын – кадр шешімдерінің жариялығы, яғни лауазымға тағайындау тәртібінің ашықтығын, кадрларды іріктеу және жоғарылатуды конкурстық тәсілмен іске асыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен барлық шаралар қабылдануда. Осы мақсатта, прокуратура органдарына қызметке қабылдау конкурстық негізбен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу Ережесіне сәйкес, кандидаттар бірнеше конкурстық рәсімдерден өткеннен кейін олардың ішінен ең үздіктері таңдап алынады.

Прокуратура органдарына қабылдау екі сатыдан тұрады:

1)  Кандидаттарды іріктеу және алғашқы зерделеу; 

2)  Конкурс (іріктеуден өткендер үшін).

Бірінші сатыда кандидат компьютерлік тестілеуден, медициналық, психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеуден, арнайы тексеруден өтеді.  

Осы жерде айта кететін жәйт, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап кандидаттар компьютерлік тестілеуден Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменттерінен өтеді.  

Тестілеуден сәтті өткен кандидат Департаментпен берілген сертификатпен прокуратураға келіп, өтініш жазып, іріктеуге қатысады. Оған жоғарыда айтылған зерттеулерден өту үшін жолдама беріледі, сонымен қатар құжаттары арнайы тексеруге жолданады.   

Полиграфологиялық зерттеу – адамның психофизиологиялық куәландыру кезінде пайда болатын жекелеген физиологиялық реакцияларын арнайы медициналық датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын сауалдама жүргізу рәсімі болып танылады.

Қызметке қабылдануға кандидаттарды іріктеуде олардың моральдық-психологиялық қасиеттерін анықтауда осы процестің көмегі зор болмақ, өйткені оның нәтижесімен адамның жасырын бейімділіктері анықталады.   

Мысалы, полиграф жас адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау ниетімен құқық қорғау органдарында қызмет етуге, өз-өзіне қол жұмсауға, есірткі заттарды тұтынуға бейімділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, моральдық қажырлылық қасиеттері, тәртіптілігі төмен, қоғамдық тәртіпті бұзуды «ұнататындар» анықталады.

Кандидаттар әскери-дәрігерлік комиссияның медициналық куәландырудан өткені туралы қорытындысымен расталатын прокуратура органдарында қызмет өткеруге денсаулығы жарамды болуы тиіс.

Бұдан басқа, прокуратура органдарына кандидат қолданыстағы заңнаманың барлығын білуі тиіс, сондықтан тестілеу құқықтың барлық салалары бойынша сұрақтарды қамтиды.

Екінші сатыда кандидаттың тағылымдамадан өтуі барысында қосымша тапсырмалар орындауымен байланысты жаңа әдістер қолданылады.

Жаңа әдіс кандидаттың жеке және кәсіби, іскерлік қабілетін, жеке мүмкіндіктерін ашуға бағытталған тапсырмалар легінен тұрады:   

1. 60 минут ішінде және 500 сөзден тұратын өмірлік тәжірибесін жазу;  

2. 120 минут ішінде және 500 сөзден тұратын берілген тақырыпта эссе жазу; 

3. 90 минут ішінде 3 кейстік тапсырма орындау. Осы кезде үстел үстінде жатқан заңдарды пайдалануға рұқсат беріледі.

4. Психологиялық зерттеуден өту. 

Алғашқы үш тапсырма кадр жұмысы Департаментімен  Онлайн режимде кандидаттармен мемлекеттік немесе таңдауы бойынша орыс тілінде орындалады.    

Тапсырмаларды орындау барысы прокуратура органдарының Бірыңғай транспорттық ортасының қорғалатын байланыс каналы арқылы бейнеконференц байланысын қолданып, дауыс-бейне жазбасымен  хаттамалау арқылы жүргізіледі.

Өзге тұлғалардың кірмеуі үшін, кандидаттың жеке басы оның өзімен бірге алып келген жеке басын куәландыратын құжатымен бекітіледі. Телефон, планшет және өзге де электрондық жабдықтарға тиым салынады. 

Компьютерлер бейнеконференц байланысына көрінетін болып орналастырылған. 

Бас прокуратурамен барлық жұмыстар плагиатқа тексеріледі.  

Психологиялық зерттеулер аумақтық прокуратуралардың психологтарымен барлық процессті бейне, дыбыс жазбаларымен бекіту арқылы жүргізіледі.   

Өмірлік тәжірибе, эссе және орындалған кейстерді Бас прокуратурамен тартылған тәуелсіз сарапшылар бағалайды.

Кандидаттардың жұмысы шифрленеді. Олар өзін кім бағалап жатқанын, ал сарапшы – кімнің жұмысын бағалап жатқанын білмейді. Сарапшының бағалауы тағылымдаманың соңына дейін беріледі.   

Конкурсқа жоғары заңгер мамандығы бар, 35 жастан аспаған кез келген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Конкурстың нәтижесімен әр бос лауазымды орынға 4 кандидаттар таңдап алынады.

2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасымен 8 бос қала және аудан прокурорының көмекшісі лауазымды орындарына 3 конкурс өткізілді.

Іріктеу сатысына барлығы 93 кандидат қатысып, оның ішінде білім деңгейі бойынша шекті мәнін жинаған және конкурсқа жіберілгендер 43 ғана немесе 46,2% болды. Тағылымдамаға және жаңа әдіске 16 кандидаттар жіберілді. Жаңа әдістен тек 6 кандидаттар ғана өтіп, олар қызметке тағайындалды. 

Бас Прокурордың бұйрығына сай,  бос лауазымдарға конкурс өткізу туралы хабарландыру Бас прокуратураның, облыс прокуратурасының интернет-ресурстарына орналастырылады, «Южный Казахстан» және «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде жарияланады, сондай-ақ, облыс прокуратурасының кадрлық дамыту тобының 53-54-77, 53-47-42 телефоны арқылы ақпарат алуға болады.

 

Оңтүстік Қазақстан облысының
прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.