You are here

ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жасалған процестік келісім шеңберінде қылмыстық істерді тергеп-тексеру 1) онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда – кінәні мойындау туралы мәміле нысанында; 2) қылмыстық топ жасаған қылмыстарды, өзге де адамдар жасаған аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге ықпал ету кезінде барлық санаттағы қылмыстар бойынша ынтымақтастық туралы келісім нысанында жүргізіледі.

Процестік келісімді қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасының бұзылумен ауырған адамдармен жасауға болмайды.

Процестік келісім жасасу адамды жәбірленуші және азаматтық талапкер болып танылған адамдардың алдында азаматтық-құқықтық жауаптылықтан босатуға негіз болып табылмайды (ҚР ҚПК-нің 612б.).

Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасуға арналған шарттар:

      1) күдікті, айыпталушы процестік келісім жасасуға ерікті түрде ниет білдірген; 2) күдікті, айыпталушы келтірілген күдікке, айыптауға және іс бойынша қылмысты жасағанына қолда бар дәлелдемелерге, өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне дауласпаған; 3) процестік келісім жасасуға жәбірленуші келіскен кезде жасалуы мүмкін.

     Аталған мәміле нысанындағы процестік келісімге келген күдікті, айыпталушыға қатысты қылмыстық істер сотта қысқартылған тәртіппен талқыланады.

     Iстi сотта талқылаудың қысқартылған тәртiбi сотталушыдан, жәбірленушіден жауап алудан, процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу мән-жайлары, азаматтық талап қою және процестік шығындар бойынша төлемдердің мерзімі мен тәртібі туралы мәселелерді анықтаудан ғана тұрады. Қысқартылған сот талқылауы он тәулікке дейінгі мерзімде аяқталуға тиіс, айрықша жағдайларда бұл мерзім судьяның уәжді қаулысымен жиырма тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.

Ал, ҚР Қылмыстық Кодексінің 55 бабына сәйкес, процестік келісімнің барлық шарттары орындалған істер бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жазаның мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан асыруға болмайтындығы көрсетілген.

Келісімдік іс жүргізу кезіндегі сот отырысына прокурор, сотталушы және оның қорғаушысы қатысады. Жәбірленуші, азаматтық талапкер және олардың өкілдері сот отырысына шақырылмайды.

Сондықтан қылмыстық процесте жәбірленушілердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ жәбірленушілерге берілетін төлемдерді белгілеу, сот процесінде уақытты үнемдеу үшін процестік келісім жасасудың талаптары ҚР Қылмыстық Процестік Кодексінде  кеңінен айқындалып, іс-жүзінде қолдану   - қылмыстық процестегі тараптарға өте тиімді.

 

Отырар аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.