You are here

Процестік келісім жасасу тәртібі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР ҚПК-нің 7 бабы 37 тармағына сай, процестік келісім – қылмыстық процестің кез келген сатысында прокурор мен күдікті, айыпталушы немесе сотталушы немесе сотталған адам арасында осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жасалатын келісім – деп көрсетілген.

Процестік келісім жасалған істер бойынша өндіріс ҚР ҚПК-нің 13 тарауымен көзделген, оған 18 бап енеді.

Процестік келісім екі түрде жасалуы мүмкін:

1). кінәні мойындау.

2).ынтымақтастық туралы келісім.

Кінәні мойындау туралы келісім аса ауыр емес, орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы күдікпен, айыппен келіскен жағдайда жасалады.

Ынтымақтастық туралы келісім –қылмыстық топпен жасалған қылмыстарды, басқа адамдармен жасалған аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға және тергеуге мүмкіндік туғызсабарлық санаттар бойынша жасалады.

Процестік келісім есі дұрыс емес күйде қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылған адамдармен жасалуы мүмкін емес.

Процестік келісім жасау адамды, жәбірленуші деп танылған адамдарды азаматтық талапкер алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен босатпайды.

Кінәні тану туралы мәміле түрінде процестік келісім жасау үшін келесі жағдайлар бар:

1). күдікті, айыпталушы іс жүргізу келісімін жасасуға өз еркімен ниет білдірсе;

2). күдікті, айыпталушы қылмыс жасау күдігін, айыптауды және іс бойынша қолда бар айғақтарды, онымен келтірген зиянның сипаты мен мөлшерін дауламаса;

3). жәбірленуші процестік келісім жасауға келіссе.

Кінәні мойындау туралы мәміле түрінде процестік келісім:

1). қылмыстардың жиынтығына қатысты, егер олардың біреуі болсын заңмен көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

2). егер жәбірленушілердің біреуі болсын процестік келісім жасаумен келіспесе жасалмауы тиіс.

Кінәні мойындау туралы мәміле түрінде процестік келісім жасау салдары мыналар болып табылады:

1. Мұндай істер бойынша сотқа дейінгі тергеу мерзімі ҚР ҚІЖК-нің 192 бабымен көзделген және процестік келісім жасау сәтінен анықтау істері бойынша бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауы тиіс (өтініштерді сотқа дейін тергеудің бірыңғай тізімінде тіркеу).

2. Осы санаттағы істер бойынша сот талқылауы келісілген өндірісте және қысқартылған тәртіпте 10 күндік мерзімде қаралады, ерекше жағдайда бұл мерзім 20 тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін. Процестік келісім жасауға келісім берген жәбірленуші одан ары зиянды өтеу мөлшері туралы талаптарды өзгертуге құқылы.

Сонымен бірге күдікті, айыпталушы сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөліміне кеткенге дейін кез келген сәтте процестік келісімнен бас тартуға құқылы.

Процестік келісім жәбірленушіні және азаматтық талапкерді осы қылмыстық істе немесе азаматтық іс жүргізу тәртібінде азаматтық талап ұсыну құқығынан айырмайды. Тараптардың процестік келісім жасаудан бас тартуы оны қайта жасау туралы өтініш мәлімдеуге кедергі келтірмейді.

 

 

Мақтарал ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.