You are here

Процесстік прокурорлар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жаңа заңнамалардың күшіне енуімен қатар, қылмыстық-процестік заңнамасында жаңа институттар пайда болды, оның ішінде процесс прокурор институты.

Бұл институттың негізгі мақсаттары, қылмыстық процес сатысында қадағалаудың сапасын көтеру, ол дегеніміз тәжірибелі қызметкерлерді күрделі, қоғамдық дүрбелең тудырған қылмыстық істерге және сол сияқты істер бойынша бекітіп, қылмыстық процестің басталған уақытынан бастап бірінші сатылы соттың үкімі шыққанға дейін бір қызметкермен қадағалауды жүзеге асыру.

Екінші жағынан, еуропалық үлгідегі қылмыстық процеске ыңтайландыру жолында бірінші қадамдардың бірі болып табылады.

Процесс прокурор деген белгілі бір іс бойынша нақты бір қызметкерді бекіту ғана емес, сол процесс прокурорға прокуратура басшысының өкілеттіктері де беріледі, толығымен емес болса да, негізгі функциялары берілген.

Ол, күдікті тұлғаға қатысты күзетпен ұстау бұлтарптау шарасына келісім беру, оны сотқа беру және басқа тергеу амалдарын сакциялау мен келісім беру секілді негізгі функциялары берілген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырып отырған тұлға да тікелей бір нақты қадағалаушы прокурормен жұмыс жасайды, демек, уақыт та үнемделеді.

Қазіргі таңда, Бас прокуратураның бастамасы бойынша облысымызда орын алған ашылған барлық ауыр, аса ауыр қылмыстар бойынша процесс прокуроры айқындалып, қылмыстық процестегі қадағалау күшейтілген.

Сонымен қатар, жыныстық қол-сұғылмаушылық, зорлау қылмыстары бойынша оқиғаның мәнісін тереңірек ұғыну үшін процесс прокуроры ретінде әйел қызметкерлері бекітілуде.

Сәйкесінше, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің кез-келген сатысы процесс прокурорының қадағалауында болғандықтан процесске қатысушы тараптардан арыз-шағымдар түсу және тергеуге сенімсіздік білдіру деректері азайған.

Қазіргі таңда, үстіміздегі жылы 864 қылмыстық іс бойынша процесс прокурор айқындалған.

 

   

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.