You are here

Процесс прокуроры және келісім институты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елімізде 2015 жылдан бастап қылмыстық кодекс пен қылмыстық-процестік кодекстің жаңа үлгілері қолданысқа енген болатын, осы орайда бұл заңнамаларға сәйкес қылмыстық процестің жаңа моделдері қалыптасып, жаңа институттар пайда болды, атап айтқанда процесс прокуроры мен процестік келісім институтына тоқталып кетпекпін.

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық прокуратурасымен ағымдағы жылдың 8 айында 71 – сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бойынша процесс прокурорлары айқындалып, оның ішінде 45 – қылмыстық іс негізінен қарау үшін соттарға жолданып, жалпы сотқа жолданған қылмыстық істердің 16,3 % құраған.

Процесс прокуроры институттың негізгі мақсаты, қылмыстық процес сатысында қадағалаудың сапасын көтеру, яғни тәжірибелі қызметкерлерді күрделі, қоғамдық дүрбелең тудырған қылмыстық істерге және сол сияқты істер бойынша бекітіп, қылмыстық процестің басталған уақытынан бастап бірінші сатылы соттың үкімі шыққанға дейін бір қызметкермен қадағалауды жүзеге асыру.

Сондай-ақ, жыныстық қол-сұғылмаушылық, зорлау қылмыстары бойынша оқиғаның мәнісін тереңірек ұғыну үшін процесс прокуроры ретінде әйел қызметкерлері бекітілуде.

Процесс прокуроры интитутын кеңінен қолданғанның нәтижесінде өткен жылы және үстіміздегі жылы сотпен бірде-бір ақтау үкімдері немесе азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу деректері орын алмаған.

Сәйкесінше, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің кез келген сатысы процесс прокурорының қадағалауында болғандықтан процеске қатысушы тараптардан арыз-шағымдар түсу және тергеуге сенімсіздік білдіру деректері азайған.

Сонымен қатар, Еңбекші аудандық прокуратурасымен ағымдағы жылдың 8 айында сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін 32 күдіктімен кінәні мойындау түріндегі процессуалды келісімдер жасалып, жалпы сотқа жолданған қылмыстық істердің 15,6 % құраған.

Бұдан бөлек, басты сот талқылауында қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттерін мойындаған сотталушыларға кінәні мойындау жөніндегі процесстік келісімге келу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесімен, 7 сотталушылармен кінәні мойындау түріндегі процессуалды келісімдер жасалған.

Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасаудың негізгі мақсаты қылмыстарды жылдам және толық ашу, тергеп-тексеру және қылмыстық-процестік кодексінің 8 бабында көзделген өзге де қылмыстық процесс міндеттерін заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, кінәсіздік презумпциясы және қылмыстық процестің басқа да негізгі бастапқы қағидаттарын қатаң ұстана отырып, жасалған келісімге сәйкес соттың сотқа дейінгі жеделдетірілген тергеп-тексеруі және істің қысқартылған тәртіппен сотта талқылауын жүзеге асыруы жолымен шұғыл орындауы болып табылады.

 

Еңбекші ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.