You are here

Пробация қызметінің бақылауында тұрған сотталғандарға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

17.08.2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасы бойынша облыс прокурорының орынбасары Ә.Қожахметовтың төрағалық етуімен Түркістан қаласындағы пробация қызметінің бақылауында тұрған сотталғандарға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету мақсатында, қалалық әкімдік, ІІБ, жергілікті полиция, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және көші-қон жөніндегі уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдар қызметкерлері, БАҚ өкілдерінің қатысуларымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында сотталғандардан әлеуметтік және өзгеде мәселелер, оның ішінде кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға жеңілдетілген несие алу, жұмысқа орналасу, жеке басын анықтау құжаттарын қалпына келтіру және өзге де мәселелерге байланысты сауалдар түсіп, қосымша зерделеуді қажет етпейтін сауалдары бойынша сол мезетте құқықтық түсіндірме жүргізіліп, жұмысқа орналасу және жеке басын анықтау құжаттарын қалпына келтіру мәселелері бойынша құқықтарын іске асыруға ықпал жасау туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, кездесу барысында пробация есебіндегі Р., З., Д. мектеп жасындағы балаларына әлеуметтік көмек көрсету мәселесі өз шешімін тауып, қалалық білім бөліміне тапсырмалар берілді.

Кездесу соңында сотталғандар өз ризашылықтарын білдіріп, мағыналас іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті.

 

Оңтүстік Қазақстан
облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.