You are here

ПАРА БЕРУШІ – АЛАЯҚ СОТТЫ БОЛДЫ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алдын алаяқтықпен сотты болған «Ж» есімді тұлға өзінің кәсіби қызметін атқарып жүріп, «В» есімді тұлғаны алдау жолымен соңғыға қатысты қылмыстық қудалауды қысқарту үшін «құқық қорғау қызметкерлеріне пара беру керек»-деп, соңғыдан ірі мөлшерде қолма-қол ақша алу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаментімен қылмыс орнында ұсталып, оның қылмысы әшкерленген.

Осының негізінде күдікті «Ж» есімді тұлғаның іс-әрекеттері тергеу органымен ҚР ҚК-нің 28-бабының 4 бөлігі (айдап салушы – басқа адамды азғыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе басқа да тәсілмен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көндiрген адам) арқылы осы Кодекстің 367-бабының 2 бөлігімен (айтарлықтай мөлшерде пара беру) және 24-бабының 3 бөлігі (қылмысқа оқталу – қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер, егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса) арқылы 190-бабының 3 бөлігінің 1 тармағымен (ірі мөлшердегі алаяқтық) сараланып, ол аталған баптармен сотқа берілген.

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен «Ж» есімді тұлға жоғарыда көрсетілген баптармен кінәлі деп танылып, ол 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотты болды.

 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.