You are here

Өз бетімен үй салғаны үшін әкімшілік жауапкершілік

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

31 мамыр 2017 жылы аудан сотында құқық бұзушы С.-қа қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 319-бабына сай әкімшілік іс қаралды.

Анықталғаны, 2017 жылғы 10 мамырдағы 14.30 сағатта жеке тұлға С. қасақана «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабының 1-тармағының 7) тармақшасының қағидаларын бұза отырып, өзі тұратын Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Балдыберек елді мекенінің шекарасынан тыс, яғни одан шыққан жерде орналасқан жер учаскесінде тұрғын үйді осы жерге тиісті құқықсыз салған.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 319-бабына сай, өндiрiстiк, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу әрекеттер заңсыз тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сот талқылауында құқық бұзушы С. өз кінәсін толық мойындап аталған әкімшілік құқық бұзушылықты дәл осы мән-жайда жасағанын көрсеткен.

Аудандық соттың шешімімен азамат С.-қа он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 34 035 теңге айыппұл салынды.

 

Төлеби ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.