You are here

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры тағайындалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 28.08.2017ж. бұйрығымен Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры қызметіне тағайындалды.

Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы 1 қаңтар 1967 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтағаннан кейін, Қарағанды қаласының Совет ауданында тергеуші қызметінен бастаған. Одан кейінгі жылдары Қарағанды облысының прокуратурасында тергеу басқармасының бөлім прокуроры, Теміртау қаласы прокурорының орынбасары, Қарағанды қаласы прокуратурасының жедел іздестіру, тергеу және алдын ала анықтау қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, Шет ауданының прокуроры, Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

2002 жылы жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау Департаменті Басқармасының бастығы лауазымды қызметіне тағайындалуына байланысты Бас прокуратураның орталық аппаратына жұмысқа ауыстырылған.

Бұдан кейінгі жылдарда Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның тергеу және алдын ала анықтау заңдылығын қадағалау Департаментінің бастығы, Алматы қаласының және Шығыс-Қазақстан аймақтық көлік прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның мамандандырылған прокурорлар, ұсталған, қамауға алынған және жазасын өтеп жатқан тұлғалардың құқықтарының сақталу заңдылығын қадағалау Департаменттерінің бастығы қызметтерінде болған.

2012 жылдан Ақтөбе облысының прокуроры қызметін атқарып келген.

«Ерен еңбегі үшін » медалімен марапатталған.

 Сыныптық шені: 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. Прокуратураның Құрметті қызметкері болып табылады

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.