You are here

ОҚО прокуратурасында кезекті азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ОҚО прокуратурасында кезекті азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 466260591

Қазақстан Республикасының Конституциясының 83 бабына прокуратура органдарының өкілеттілігі мен құзыреттілігіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 2017 жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» жаңа Заңы қабылданды.

Осы Заңға сәйкес прокуратура органдарының құзыреттілігіне көптеген өзгерістер енген, әсіресе өтініштерді қарау тәртібі түбегейлі өзгерді.

Осыған орай, 23 тамыз күні Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының  азаматтарды қабылдау орталығының тұсау кесері өтті. Орталық облыс прокуратурасының барлық қажетті заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған ғимаратта орналасқан.

Орталық ұжымдық өтініш иелерін қабылдауға арналған 30 күту орындарымен және басқа да қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілген.

Бұл орталықта сотқа дейінгі қылмыстық процестің, атқарушылық өндірістің заңдылығын, қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау салалары бойынша прокурорлар қабылдауды жүргізеді.

Орталықтың негізгі мақсаты азаматтарды қабылдау және прокуратура органдарының өкілеттілігі шеңберіндегі құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру.

Кезекші прокурорлар азаматтарды қабылдап, өтініштерді дұрыс жазуға кеңес берсе, орталық мамандары прокуратура басшыларының жеке қабылдауына жазуды жүргізеді. Сондай-ақ, азаматтар өздерінің алдын жазған өтініштердің қарау барысы туралы ақпарат пен жауап көшірмелерін алуға мүмкіндіктері бар.

Яғни, Орталықта облыс тұрғындары қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру бойынша кәсіби заң көмегін алады.

Орталықта қабылдаудың кестесі мен тәртібі көрсетілген ақпараттық стендтер мен өтініштердің үлгілері орналастырылған.

Орталық өз қызметін жұмыс күндері, яғни дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-18:30 аралығында, 13.00-14.30 дейін түскі үзіліспен атқарады.

Сонымен бірге, облыс әкімінің қолдауымен ағымдағы жылы «Құқық қорғау қызметтер Орталығы» (әрі қарай-ҚҚҚО) құрылуда, бұл құқық қорғау және заңдылықты қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен өтініштерді қараудың жүйелі тәсілін қамтамасыз етеді және  заңды, әлеуметтік-ақтау қызметін бір жерде көрсету арқылы жүзеге асады.

 ҚҚҚО-ында әлеуметтік – шектеулі тұрғындарға нотариус, қорғаушы, психолог және медиаторлар тегін заңды көмек көрсететін болады.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының
баспасөз қызметі

 

ОҚО прокуратурасында кезекті азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 2138139330
ОҚО прокуратурасында кезекті азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 1798049061
ОҚО прокуратурасында кезекті азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 1514939305
ОҚО прокуратурасында кезекті азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 620651752
ОҚО прокуратурасында кезекті азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 1262354108
ОҚО прокуратурасында кезекті азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 461025146
ОҚО прокуратурасында кезекті азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 1471914064

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.