You are here

Облыс тұрғындарының назарына!!!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңы қабылданып, қазіргі таңда күшіне енген.

Осы Заңдағы көптеген өзгерістер жайлы тек қадағалау органның қызметкерлері мен шенеуліктер ғана емес, әрбір азаматтың білгені абзал. Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі түбегейлі өзгерді.

Ендігі кезекте прокурормен келесідей санаттағы өтініштер қаралуға жатады:

1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың (1,2 топтардағы мүгедектер, жетім балалар, балаларының қамқорлығынсыз қалған зейнет жастағы тұлғалар, әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі тұлғалар);

2) шектелмеген адамдар қатарының (мысалы, заңсыз тарифтің жоғарлауы бойынша, үлескерлер, кәсіпкерлер және т.б. саны елеулі азаматтардың мүдделерін қорғауға қатысты ипотекалықтардың шағымдары);

3) егер адамдардың өмірі, денсаулығы не еліміздің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болса (мысалы, радиациялық авариялар, адамдардың жұқпалы ауруға,  т.б  шалдығуы);

Басқа өтініштер қарауға жатпайды және олар қарау құзіретіне сәйкес мемлекеттік органдарына жолданады. Егер, қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, өтініш иесі сотқа немесе жоғары тұрған лауазым иесіне шағымдануға құқылы.

Өз кезегінде, иесі бүркемеленген өтініштер прокуратура органдарында қаралуға жатпайтынын назарларыңызға саламыз.

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.