You are here

Облыс прокуроры 6 желтоқсан - ҚР Прокуратурасы күні мерекесімен құттықтады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокуроры 6 желтоқсан - ҚР Прокуратурасы күні мерекесімен құттықтады  - 1337524755

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында 6 желтоқсан - Қазақстан Республикасының прокуратурасы күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Биыл Қазақстан Республикасының Прокуратурасына да ширек ғасыр толып отыр. Мереге орай ұйымдастырылған  салтанатты шараға облыс əкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков пен облыс прокуроры Н.Әбдіров, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Балабиев пен осы салада еңбек еткен ардагерлер, сондай-ақ Консультативтік Кеңес мүшелері мен қатардағы қадағалау органы өкілдері қатысты.

Жиында құттықтау сөз сөйлеген облыс прокуроры Н.Әбдіров тәуелсіздік жылдарында өз қызметтерін мінсіз, адал атқарып,  жоғары нəтижелерге қол жеткізген сала қызметкерлерін  Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының  Алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Құрмет грамотасымен» марапаттады.  

Сонымен қатар, бірқатар прокурорларға  арнайы сыныптық шендер беріліп, «І, ІІ, ІІІ  дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен «І, ІІ дәрежелі «Прокуратура үздігі» төсбелгілері табысталды.

Елдің тыныштығы мен игілігі үшін уақытпен санаспай қызмет атқарып жүрген қызметкерлер бұл күні облыс әкімінің арнайы грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.

Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары барша прокурорларды қос мерейлі мерекемен құттықтап, қадағалау органы қызметкерлерінің өңіріміздегі құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша  міндеттерін абыроймен атқарып келе жатқанын жеткізді.

 

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.