You are here

Нашақорлық ғасыр – дерті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Адамзат тарихындағы қаншама қанды оқиғаның себепшісі, неше түрлі зұлымдықтардың  да бастаушысы «апиын» - болғанын  білеміз.      

Біздің ғасырымыздың  басты дерті - нашақорлық.  

Есірткі – табиғи гормондарды еліктіретін химикаттар. Есірткілердің әсеріне ағзаның жауап беру тәсілдерінің бірі – есірткі әсеріне қарсы әрекет ететін гормондарды бөлу. Мысалы, кокаин жүйке қызметін қоздырған кезде, ағза өзінің қызметін тежейтін гормондарды бөле бастайды. Есірткінің есеңгіртетін әсері аяқталғаннан кейін ағза біраз уақытқа дейін есірткі әсеріне қарсы гормондарды бөлуді тоқтатпайды. Ағза қызметін табиғи гормондардың әлсірету нәтижесінде адам тыныштандырғыш дәрі ішіп алған сияқты көрінеді. Егерде есірткі тыныштандыратын әсерлі болса, есірткі әрекеті аяқталғаннан адам өте сезімтал болады. Барлық есірткілер ауруды басатын әсерлі болғандықтан, есірткі қызметі аяқталғаннан соң адам ауруды тым сезгіш болады, мысалы, апиындар жөтел орталығын тұншықтырады, сондықтан есеңгіреу жағдайынан шыққан адам жөтел ұстамасына ұшырайды. Егер де есірткі әсеріндегі адам өзін көңілді сезінсе, онда есірткі қанағаттану орталықтарына ықпал еткендігі. Есеңгіреу аяқталғаннан кейін ағзадан есірткіге қарсы  шығарылған гормондар  қанағаттану  орталығының қызметін тұншықтырады, адам төзгісіз ауруды сезінеді.

Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? - деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.       

Есірткіге еліктейтіндер  негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, жастар қорқпайды нашақор үшін өлім- жалған дүниемен бірдей.       

Бүгінгі күні баланы қызықтыратын орта аз,  қала баласы түнгі клуб, би алаңдарын айландырса, ауыл баласы көше тоздырып,  арақ-шарап ішуге әуес. Нашақорлар неге көбейіп кетті дейсіз? Оның себебі   бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбеуінде. Жасыратыны жоқ, көптеген ата-ана баласымен тек қана материалдық тұрғыда ғана әңгімелесумен шектеледі,  қарның тоқ па, көйлегің көк пе дегендей. Баламен әңгімелесуге, оны не толғандырып жүргенін, оның ортасы қандай, достары кім екенін білуге, жас өспірімнің бос уақытын қайда, қалай, кіммен өткізетіндігін білуге, сырласуға уақыт таппаймыз. Көбнесе ауқатты отбасының балалары қарны тоқтықтан, істейтін іс жоқ болғандықтан нашақорлыққа,  есірткі сатушыларға қосылғанын байқамайды да.        

Жас организм есірткінің дәмін бір рет татқан соң тәуелді болып шыға келеді Бұл үлкен қателік екендігін, қайта біз мектептің және мұғалімнің беделін, мәртебесін көтеруге ықпал етуіміз керек. Психолог- дәрігерлер: «отбасында бала ішімдік, темекі, есірткі сияқты естен айыратын әзәзіл туралы ерте бастан естігені дұрыс екендігін, бала жаман әдет  туралы ерте білсе, соғұрлым тез жиренетіндігін, одан бойын аулақ ұстайтындығын ескертеді.     

Күнен күнге психоактивтік  заттардың зияндығына қарамастан оны  қолданатын адамдардың саны артуда. Жасөспірімдер нашақорлығының әлеуеттік келешегін мамандар алдын ала болжауға болатындықтан олар:  

- біріншіден,  12-18 жастағы нашақорлар - бұл ар-ождан принциптері бұзылған,  адамгершілік қасиеттері төмен денгейдегі адамдар.Сонымен  қатар,  есірткі қолдану балаларды жиі қылмысқа итермелейді. Сөйтіп 10-20 жылдан кейін жасөспірім нашақорлық әлеуметтік қауіп тобын құрайды.

- Екіншіден нашақор балалардың  көпшілігі өліп кетеді  немесе дені сау келешек ұрпақ өсіре алмайды, яғни СПИД, вирусты гепатит, ақыл-ойдың дұрыс болмауы және т.б. аурулар біздің қоғамның дамуына көп қауіп төндіреді.

-Үшіншіден мұндай жағдай қоғамның экономикалық және саяси  ахуалына  өз әсерін  тигізеді, білім  және  маман  әлеуетінің (потенциалын)  төмендеуі, жұмыс күшінің азаюы  мен есірткі бизнесінің шарықтауы  экономикалық дағдарысты одан  әрі өсіреді де нәтижесінде тұрақтылық  бұзылады.

Сонымен қатар есірткі тек оны қолданатын адамға ғана зиянын тигізіп қоймайды, сонымен қатар оның жақындарына, туыстарына және жалпы қоғамдағы адамдарға көп қиындықтар туғызады: 1 нашақор 10 адамның өмірін  бұзады. Соңғы  жылдары  елімізде есірткінің заңсыз айналымы проблемасы жалпы ұлттық сипатқа ие болуда. Есірткі заттарының аса қымбат еместігі, оларға іс жүзінде еш  кедергісіз қол жеткізудің мүмкіндігі  нашақорлар қатарының кемімей,  қайта керісінше үнемі артып отыруына алып келді.      

Сондықтан салауатты өмірге белсенді қатысып, жағымсыз әрекеттен арылуымыз керек.

 

Отырар ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.