You are here

Мемлекеттік тілдің мерейі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту-бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстан тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөліп келеді. Өйткені тіл-біздің ана тіліміз-Туымыз, Елтаңбамыз,Ән ұранымызбен қатар біздің еліміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл Туралы»   Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мелекеттік тілі болып-Қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасын қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Респбубликасының Конституциясына сәйкес  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.  Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өзінің Жолдауында «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет.
Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз.  Тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Бұл үшін тіл саясатын сауатты және дәйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек» деп айтылды.

Елбасының Жолдауына сәйкес қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.

Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, мемлекеттiк тiлдің және басқа да тiлдердің қолданылу салаларында олардың пайдаланылуына кез келген кедергi келтiру, сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бойынша талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Қорыта келе, мемлекеттік тіл-қазақ тіліне аса құрметпен қарап, қолданылу аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеру өзіміздің қолымызда екендігін, Елбасы айтқандай, «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.

 

 

Түркістан қаласының
прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.