You are here

Мал ұрлығына тиімді тосқауыл

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазіргі таңда ауылдағы халықтың негізгі күнкөрісі – төрт-түлік мал. Онсыз қазіргі нарық заманында өмір сүру қиынға түспек. Кіріс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығы мал ұрлығымен күрес элі күнге дейін өткір күйінде қалып отыр. Өкініштісі сол аудандарда жыл сайын мал ұрлығының саны артып отыр. Жылдар бойы бағып-қағып, баптап күткен малдарынан бір түнде, керек десеңіз бір-ақ сағатта айырылып қалу ауыл-аймақ тұрғындарының ешбіріне оңай тимесі анық.

Сондықтан да аса маңызды шаралардың бірі – ауыл шаруашылығы малдарды бірдейлендіру болып табылады. Ветеринария мамандары «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ережесі аясында малдарды сырғалап, паспортпен қамтамасыз етіп келеді. Бұл өз кезегінде тұрғындарды осы күні мазалап отырған мәселе – мал ұрлау фактілеріне мүлдем тосқауыл қоймағанымен оң әсері болады деп есептейміз.

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы облыс көлемінде мал ұрлығының деңгейін төмендету мақсатында «Мал ұрлығына нәтижелі тосқауыл» жобасын әзірлеп, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп оны жүзеге асыруға кірісті. Қазіргі таңда жұмыс тобымен облыстағы мал жаю жайылымдарын жеткілікті дәрежеге жеткізуге, ауыл шаруашылық жануарлардың 100 пайызға дейін бірдейлендіруге, заңсыз тасымалдарға жэне сауда-саттық орындарында бірдейлендірілмеген малдарды сатуды тоқтатуға, бұдан бөлек, жасалған қылмыстардың ашылуына және қылмысты болдырмау іс-шаралары асырылуда.            Аталған жоба сапалы іске асырылған жағдайда, облыс көлемінде бұл қылмыстың түрі 50 пайызға дейін төменделеді деген сенім бар.

 

Еңбекші аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.