You are here

Қылмыстық істерді қысқа мерзімде сапалы тергеп тексеру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгінде сотқа дейінгі қылмыстық процесті оңтайландыруда кешенді іс-шаралар атқарылуда.

Қылмыстық процесті оңтайландыру дегеніміз- қылмыстық істерді қысқа мерзімде сапалы тергеп тексеру.

Бастапқыда ҚР БП-мен ІІМ-нің 29.03.2017 жылғы №35 бірлескен бұйрығымен қылмыстық процессті оңтайландыру жұмысы Астана қаласының Алматы ауданы мен Ақмола облысының Целиноград ауданында басталды.

Кейіннен бұл бағыттағы жұмыстар өзінің оңды нәтижесін бере бастағаннан кейін ҚР БП-мен ІІМ-нің 31.05.2017 жылғы №55 бірлескен бұйрығына сәйкес Республикамыздың барлық қала аудандарында пилоттық жоба 1 маусымнан 1 қыркүйек арасында жүзеге асырылуда.

Жобаның басты мақсаты қылмыстық істерді қысқа мерзімде тергеп тексеру, кезекші прокурордың тәулігіне 24 сағат полиция бөлімінде кезекшілікке түсуі және олардың анық қылмыстарды сотқа өздері жолдау құқығына ие болды, күдікті тұлғалармен процесстік келісімдер жасау институтын күшейту, істі тергеу барысындағы туындаған мәселелерді дер кезінде шешу, ал ең бастысы бұл қарапайым халық пен құқық қорғау органдарының арасында қарым-қатынасты күшейту.

Ендігі жерде оңтайландыру процессіне көшейік, Бізде қылмыстық іс бойынша дәлел жеткілікті болып, адам кінәсін мойындап тұрсада, істер айлап тергеліп жатады. Өз кезегінде, мұндай жағдайлар жәбірленушілер, куәлер  бар жұмысын, бизнесін ысырып қойып, күндеп, тіпті апталап тергеу органына баруға мәжбүр.

Бүгінгі таңда, дәлелденіп тұрған қылмыстық істер 1-2 ай емес, 5 күнде, әрі кетсе 1 апта тергелуде, ал теріс қылықтар басталған сәтінен бастап егерде теріс қылықты жасаған адам белгілі болса онда 2 тәулікте аяқталуда.  

Ал, қалған егжей-тегжейлі зерттеуді қажеті ететін күрделі істер.

Бұрын соңды прокурор өзіне айыптау жеделдетілген тіртіппен түскен істерді 3 зерделейтін болса, бүгінгі таңда мұндай істерге оңтайландыру бойынша тек қана 1 күн беріліп отыр, ал қылмыстық теріс қылықтарға 1 күннің орнына не бәрі 6 сағатта зерделеніп сотқа жолдануда.

Абай аудандық прокуратурасымен маусым айынан бастап жалпы 398 іс сотқа жолданған болса, 3 күнде-68 немесе 16,7%, 10 күнде -156 немесе 40% құрайды, жалпы жолданған қылмыстық істердің 56 пайызы осы оңтайландырумен жолданып, соттың үкімдері шығарылуда.

Демек, қылмыстық процессті оңтайландыру жұмысы бойынша асырылып жатқан жоба өзін толығымен ақтады деп айтсақ болады.

Айта кететін бір жағдай, Абай аудандық прокуратурасымен осы процесті оңтайланыдыру аясында Халық, тергеуші және кезекші прокурор арасында үздіксіз байланыс орнату мақсатында Абай полициясы ғимаратында бейнедомофон орнатылып, 2 ай ішінде бейнедомофонмен 90 азаматқа құқықтық көмек көрсетілді.

Жаңашыл бастама оңды тәжірибе ретінде таратылды.

Кезекші прокурор кабинетіне арнайы телефон орнатылып, оған 16 полиция тірек пунктері қосылды,  тұтқаны көтерген жағдайда 5 секундта прокурормен тікелей байланыса алады. 

 Сотқа дейінгі процесстегі шағымдар көбінесе аудан прокуратурасына істі тоқтату туралы шешімдеріне түсетіндіктен, менің бастамам бойынша қосымша талап-тілек білдіру хаттамасының жобасы әзірленіп, полицияда қолданысқа енгізілді.  

Маусым айында жәбірленушіден қосымша талап-тілегін анықтау арқылы тоқтатылған 85 қылмыстық істер бойынша шағымдар аудан прокуратурасына мүлдем түскен жоқ.

Жалпы осы бағыттағы тергеу әрекеті мен актілеріне дау айту туралы мәселелермен қосымша жұмыс жасау әдістері прокуратураға түскен шағымдардың санын соңғы екі айда 46 пайызға азайтып, 7 ай жиынтығында 51 пайызға күрт түсті. 

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.

 

Абай аудандық прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.