You are here

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау басты мақсатымыз

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сарыағаш ауданы прокуратурасымен 2017 жылдың 5 айында Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметімен құқық бұзушыларға қатысты толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық істерге талдау жасалды.

Аталған талдау барысында, жергілікті полиция қызметтерімен 21 кәсіпкердің құқықтарын бұзып, оларға заңсыз ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылар қабылданған.

Бұл қаулылардың күші аудан прокуратурасының наразылығымен жойылып  21 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Сонымен қатар, аудандық кәсіпкерлік бөлімінде кәсіпкерлерді қолдау мен қорғау бағытында атқарған жұмыстарына талдау жүргізіліп, 2012 жылы аудандағы индустриалдық аймақ құру үшін, инвестициялық жоба ұсынушыларға қолайсыз, санитарлық қорғау аумағы талаптарына сәйкес келмейтін, жол, газ, су көзі жоқ және орталықтан шалғай  орналасқан жерге қордан 50,0 га жер учаскесі  бөлінген.

Соңғы бес жылда, индустриалдық  аймаққа мемлекеттен жалпы соммасы   91,0 млн теңге бөлінгенінен қарамастан, кезінде ұсынылып, мақұлданған 6 инвестициялық жобаның біреуі де жүзеге асырылмағаны анықталды.

Жалпы 11 қызметкері  бар жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын  жүзеге асыратын мекеменің атқарып жатқан жұмыстары сын көтермейтіні анықталып, орын алған заңсыздықтар бойынша аудан әкімі атына ұсыныс енгізіліп, бөлім басшысы Е.Сапарбаевқа «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

 

Сарыағаш ауданының

прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.