You are here

КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Аудан прокуратурасының кәсіпкерлік субъектілердің құқықтарын қорғау бағытында құрылған мобильдік топтың сенім телефонына келіп түскен  әлеуметтік жұмыс орындарына субсидия ретінде берілетін қаржылардың жұмыс берушінің есеп айырысу шотына аудармай отырғандығы туралы хабарламалар бойынша талдау жүргізілді.

Анықталғаны, 2017 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 75 (15 өнеркәсіп, 60 ауыл шаруашылық) жұмыс берушілердің сұранысы бойынша 750 азамат 6 айдан 9 айға дейін жолданған. Оның 535 ер адам болса, 215 әйел адам, оның ішінде 26 мүгедек, 80 өрлеу пилоттық жобасына қатысушылар б.т. 

210 жұмыссыз өнеркәсіп саласына жолданса, 540 ауыл шаруашылық саласына жұмысшы ретінде жолданған. Оның 23 жоғары, 87 орта техникалық және 640 орта білімді азаматтар.     

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №516 бұйрығының 24 және 26-тармақтарына сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру арқылы республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен 35 %-ды құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.

Жалпы еңбек ақының мөлшері 46 935 теңге болса, ал халықты жұмыспен қамту орталығымен берілетін субсидияның ай сайынғы мөлшері 16 427 теңгені құраған.

Бұйрықтың 27-тармағына сәйкес, халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруға арналған шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғандардың жалақыларына субсидия сомасын жұмыс берушілердің есеп айырысу шотына аударады. 

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 3-бабының 1-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталады.

Алайда, 2017 жылдың сәуір айында жұмыс беруші жеке кәсіпкер «Айдос»  тарапынан нысан бойынша мәліметтер, акт және табель ұсынылғандығына қарамастан, халықты жұмыспен қамту орталығымен келісім шартқа сәйкес, жұмыс берушінің шығыстарын өтеуге мемлекеттік бюджеттен субсидия ретінде берілетін 328 540 теңгені жұмыс берушінің есеп айырысу шотына аудармай, заң талаптарын бұза отырып жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергіжасалған.
Мағыналас заң бұзушылықтар, ағымдағы жылдың сәуір айында 33 кәсіпкерлік субъектілерге 5 437 337 теңге қаржыларды жұмыс берушінің есеп айырысу шотына аудармау кезінде орын алған.  

Ал, 41 жұмыс беруші кәсіпкерлік субъектілерге тиесілі қаржылар уақытылы аударылған.

Демек, 75 жұмыс берушінің 41-не субсидия қаржысы берілсе, 34-не аударылмай Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабында көзделген «заң алдында жұрттың бәрі тең» деген қағида талабы өрескел бұзылған.   

Сондықтан, аудан прокуратурасымен 15.05.2017 жылы Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының атына «заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы» ұсыныс енгізілді. 

Ұсыныстың қаралу нәтижесімен жұмыс беруші 34 жеке кәсіпкерге  нысаналы топтағы 220 жұмысшы алдындағы шығыстарын өтеуге мемлекеттік бюджеттен субсидия ретінде берілетін 5 437 337 теңгені жұмыс берушінің есеп айырысу шотына аударылып,  олардың конституциялық құқықтары қорғалып, кінәлі 1 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Мақтарал ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.