You are here

Көрінеу жалған сөз жеткізген азамат сотты болды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың сәуір айы ішінде Сарыағаш ауданы, Абай ауылының тұрғыны «Х» есімді азаматша өзінің таныс әпшесінің айтуымен, Сарыағаш қаласына барып, сол жерде құрылыс жұмыстарны жүргізіп жатқан Өзбекстан Республикасының екі азаматтарымен бірге спирттік ішімдігін ішіп, өзінің үстіндегі көйлегін жыртып тастап, ұялы телефонмен таныс әпшесіне  хабарласқан.

Осыдан кейін, азаматша «Х» болған оқиға жөнінде Сарыағаш АІІБ-ның полиция қызметкерлеріне хабарлаған.

Полиция қызметкерлері «Х» есімді азаматшаға қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіле тұра, Өзбекстан Республикасының екі азаматтары өзін ұрып-соғып, пышақпен қорқытып, еркінен тыс зорлап жыныстық қатынас жасағаны туралы арызданып, ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан көрінеу жалған сөз жеткізген.

Осы дерек, Сарыағаш АІІБ-ның сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 120 бабы 2 бөлігі 2-тармағымен тіркеліп, тергеп-тексеру басталған.

Дегенмен, кейіннен мастығы тарқаған соң азаматша «Х», полиция қызметкерлеріне өзі жалған арыз жазғаны және жалған жауап бергенін айтып беріп, жасаған әрекеттеріне өкініш білдірген.  

Осыған байланысты, «Х» есімді азаматшаның ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін ҚР ҚК-нің 419 бабы 3 бөлігі және 420 бабы 2 бөлігімен айып тағылып, сот үкімімен 5 жылға сотты болды.

 

Сарыағаш аудандық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.