You are here

Кәмелетке толмағандардың Конституциялық құқықтары қорғалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сарыағаш аудандық прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында, 2017 жылдың қаңтар айында аудандық білім бөлімі тарапынан 195 кәмелетке толмаған ата-анасының қамқоршылығы мен қорғаншысыз қалған балаларға мемлекеттен бөлінетін қаржылар төленбей, заңсыздықтарға жол берілгені анықталды.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 28 бабының 1 бөлігінде, Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік берілетіні көрсетілген. 

Дегенмен, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің жауапты қызметкерлерімен 195 ата-анасының қамқоршылығы мен қорғаншысыз қалған балалардың асыраушыларының дербес шоттарына 4 424 550 теңге ақша қаражатын аударуға тиісті шаралар қолданбай, олардың  Конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берген.

Аудан прокуратурасымен енгізілген ұсыныс негізінде, 195 ата-анасының қамқоршылығы мен қорғаншысыз қалған балалардың асыраушыларының дербес шоттарына 4 424 550 теңге қаржы аударылып, олардың Конституциялық құқықтары қорғалды.

 

Сарыағаш ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.