You are here

Әкімшілік жауапкершілік

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабына сай, ұсақ бұзақылық - яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

Ал, нақ осы әрекеттер әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталанып жасалса, онда он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

Түркістан қалалық сотымен 2016 жылы (және 2017 жылдың 4 айында) ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабымен қаралған әкімшілік істерге қала прокуратурасымен талдау жүргізілді.

Аталған мерзімде қалалық сотпен 163 (80) азаматтарға қатысты әкімшілік жаза қолданылған. Оның ішінде 132 (71) азаматтарға айыппұл салу, 28 (9) азаматтарға қатысты қамаққа алу түріндегі жаза қолданылған.

Сот қаулыларын зерделеу барысында әкімшілік жауапкершілікке көбінесе темекі, пісте және т.б. қоқыстарды жерге тастап, қоршаған ортаны ластағаны үшін тартылған.

Түркістан – түркі тілдес халықтардың рухани орталығы, діни туризм орталығына айналған тарихи қала. Өзінің тарихи орындарымен көптеген туристерді тартады.

Сондықтан қала тазалығын сақтау -  ол баршамыздың міндетіміз және сол тазалықты сақтап қалу үшін бәріміз бірге күш жұмылдыруымыз қажет.

 

Түркістан қаласының
прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.