You are here

Әкімшілік айыппұл берешектері бар 43 автокөліктер «Сарыағаш Тазалық» МҚК-ның арнайы айыппұл автотұрағына жабылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Сарыағаш аудан прокуратурасының бастамасымен мүдделі жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару және құқық қорғау органдарының қатысуында ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларының аралығында сот актілері және уәкілетті органдардың қаулылары негізінде мемлекетке қаржы өндірілуі тиіс атқару құжаттарының орындалуы бойынша «Мемлекетке қарызыңды қайтар» атты акциясы ұйымдастырылды.

         Аталған акция аясында мемлекет пайдасы үшін төленуі тиіс қаражаттың өндірілуіне ықпал ету жайлы құзырлы органдарға хаттар жолданып орындалуы бақылауға алынған.

         Бұдан бөлек, ОҚО ІІД-нің жергілікті полиция қызметі органына сұраныс хат жолдау арқылы мамыр айының ішінде Сарыағаш қаласы аумағында арнайы жабдықталған (автоураган) автокөлігін қолдану арқылы рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

         Нәтижесімен, мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұл берешектері бар 43 автокөліктер «Сарыағаш Тазалық» МҚК-ның арнайы айыппұл автотұрағына жабылып, айыппұлдар нақты өндірілді.

         Бұдан бөлек,  сот орындаушылары, ауылдық округ әкімдіктері және учаскелік полиция инспекторларымен жүргізіліген жұмыс нәтижесімен, жалпы мемлекет пайдасына 10 000 000 теңгеден астам қаржы нақты өндіріліп, сот орындаушыларының өндірісінде болған 400-ге жуық атқару құжаттары орындалды.

         Мұндай тиімді іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.

 

Сарыағаш ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.